Администрация парка

Мошқалов Бейбіт МырзабайұлыМошқалов Бейбіт Мырзабайұлы 1970 жылдың 6 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.

 

1987 жылы Ташкент мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 1991 жылы топырақ зерттеуші аграномия факультетін бітірген. 1997 жылы Көкшетау қаласындағы, Көкшетау университетіне орман шаруашылығы ісі мамандығын бітіріп шыққан.

 

Еңбек жолын 1993 жылы Шардара орман шаруашылығында орман саласындағы көшеттер өсіру орман тұқымбағында орман шебері қызметінен бастап, аға орманшы, орман қорғау инженері қызметін атқарған.

 

2003-2005 жылдары ОҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясында бас маман, 2005-2008 жылдары Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемелекеттік мекемесінде директор, 2008-2010 жылдары Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде директор, 2010-2013 жылдары Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемелекеттік мекемесінде директор қызметін атқарған.

 

2013 жылдың сәуір айынан бастап Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағында бас директор қызметін атқаруда.

 

Бірнеше рет аудан әкімдігі, облыстық басқармадан алғыс хаттармен, мақтау қағаздарымен марапатталған.

 


  

Аскаров Мубәшірхан ӘбдірәшұлыАскаров Мубәшірхан Әбдірәшұлы 1959 жылы 24 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Асық ата кентінде дүниеге келген.

1975 жылы Шымкент қаласындағы Қазақ Химия-технологиялық институтына түсіп, 1980 жылы осы аталған институтта «инженер құрылысшы» мамандығы бойынша, 2006-2009 жылдары Шымкент қаласындағы Шымкент аграрлық колледжінің «орман шаруашылығы» мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

Еңбек жолын 1981 жылы Киров аудандық райпетробсоюз құрылыс бригадасының аға құрылысшы қызметінен бастаған. 1983-1991 жылдары Киров аудандық РПС, құрылыс дүкенінің қойма меңгерушісі, құрылыс учаскесінде бригадир, РПС бастығының орынбасары қызметін атқарған. 1991-1993 жылдары «Атамұра» кіші кәсіпорын директоры, 1993-1995 жылдары Киров РПС директордың орынбасары, 2003-2005 жылдары «Ынтымақ» ААҚ-да есепші, 2005-2013 жылдары Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде аға орманшы қызметін атқарған.

2013 жылдың маусым айынан бастап Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағында бас директордың орынбасары қызметін атқаруда.

 


 

Баймұратов Бекназар АлдашұлыБаймұратов Бекназар Алдашұлы 1959 жылы 10 мамырда Шымкент облысы Қызылқұм ауданы Темір совхозында, қазіргі Отырар ауданында дүниеге келген.

 

Алматы қаласындағы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтына 1976 жылы түсіп, 1981 жылы осы аталған институттың «Орман шаруашылығы» мамандығы бойынша толық курсын бітіріп, «Орман шаруашылығының инженері» деген квалификация берілген.

 

Институтты бітіргеннен кейін жолдамамен еңбек жолын 1981 жылдың тамыз айынан бастап Созақ механикаландырылған орман шаруашылығында орман шаруашылығы инженері, 1981 жылдың желтоқсанда Шымкент облыстық орман басқармасында орман шаруашылығы инженері, ауданаралық орман патолог-аға инженері, орман қорғау аға инженері, ал 1988 жылдың қазан айынан Шымкент орман шаруашылығы өндірістік бірлестігінде І-ші дәрежелі инженер, жетекші инженер-инспекторы, аға орманшы қызметін атқарған. 1998 жылдың қаңтарында ОҚО орман және аңшылық шаруашылығының бас инженері міндетін атқарушысы, орманды қорғау инженері, ОҚО орман, балық және аңшылық шаруашылығы басқармасының жетекші маман, ОҚО орман және биоресурстар аумақтық басқармасының бас маманы, 2002 жылдың желтоқсан айынан ОҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының бас маманы, 2006-2009 жылдары ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және жануарлар әлемін қорғау, дамыту және пайдалану» бөлімінің бас маманы, 2009-2011 жылдары «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылымы зерттеу институты» ЖШС-нің «Жеміс, жүзім шаруашылығы және дендрология» бөліміне аға ғылыми қызметкері, 2011-2013 жылдары «Шымкент аграрлық колледжі» МКҚК-ның «Орман шаруашылығын ұйымдастырушы» мамандығына оқытушы қызметтерін атқарған.

 

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағында бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.