Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің 2013 жылғы жұмыс қорытындылары

Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі үшін 2013 жыл қалыптасу, кадрлармен жинақталу жылы болды. Бөлім штаттық кестеге сәйкес 4 бірлік қызметкерлермен қамтамасыз етілді: бөлім бастығы, аға ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер. Бөлім туралы Ереже мен бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері белгіленді.

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заң талаптарына сай жұмысты ұйымдастыру мақсатында бөлімнің 17 тармақтан тұратын жұмыс жопары әзірленіп, ғылыми-техникалық кеңесте бекітіліп ондағы іс-шаралар жүзеге асырылды. Заңда көрсетілген талапқа сай ғылыми-техникалық кеңес құрылып, жыл бойы оның 6 отырысы болды. Онда өңірлік парктың қызметіне қатысты 18 мәселе қаралып, талқыланды.
Сырдария-Түркістан өңірлік табиғи саябағын құру туралы жаратылыс-қорғау ұйымдарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің қағидасы басшылыққа алынып, 2014-2018 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының әзірленген жоспары Білім- және ғылым министірлігінің Ғылыми комитетімен келісіліп, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министірлігінің Орман Комитетінің № 361 санды 18.12.2013 жылғы бұйрығымен бекітілді.

Бұл жоспарда негізінен үш бағытта ғылыми –зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады: 1) Табиғи кешендердегі құбылыстар мен процестерді «Табиғат жылнамасы» бағдарламасы бойынша зерттеу. Осы тақырып аясында Териофаунаның мониторингі (биологиялық ерекшеліктері, көбеюі, маусымдық қоныс аударуы) және құстар фаунасының құрамы мен таралуы, мәселелері зерттеледі. 2) Өңірлік табиғи парктың өсімдік жабындысы және флорасын зерттеу мен түгендеу. 3) Өңірлік парктың басты және индикаторлық омыртқасыз жануарлар топтарын, биологиялық алуан-түрлілігін ұзақуақыттық ғылыми миноторинг негізінде зерттеу. Өткен жылы бөлім қызметкерлері 8 іссапарға шығып, далалық зерттеу және гербариилер бойынша өсімдіктердің түрлерін анықтау жұмыстарын жүргізді. Жылдың қорытындысы бойынша, өсімдіктердің 250 гербарийлері жиналды.

Қаратау табиғи қорығының аға ғылыми қызметкері, б.ғ.к., Г.Б.Сақауоваөңірлік паркқа шақырылып, өңірлік парктың кеңесінде, Боралдай, Түркістан филиалдарында екі ғылыми семинар өткізілді. Семинарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру,фенологиялық бақылау алаңдарын таңдау, гербариилерді жинау мен, басқару жоспарын әзірлеу тәртібі сияқты мәселелер кеңінен талқыланды. Г. Сақауованың қөмегімен төменгі Боролдай шатқалынан өсімдіктердің 39 тұқымдасы, 75 туысы және 85түрі анықталып, таксономиялық тізімі жасалды.

Бұл шатқалда фенологиялық алаң таңдалып, күзде паспорты орнатылады. Боралдай филиалы тарапынан кордондарға жақын жерден 6 фенологиялық алаңдарды белгілеу туралы ұсыныс берілді. Түркістан филиалынан бұхар бұғысы тұқымбағының жанынан бір фенологиялық алаң белгілеу ұйғарылды. Фенологиялық бақылауларды жүргізу жөнінде әдістемелік нұсқаулықтар әзірленіп, және «Табиғат жылнамасының» нұсқаулығының көшірмелері филиалдарға жіберілді. Жыл соңында бөлім бастығы тарапынан Түркістан және Сырдария филиалдарында аталған мәселелер бойынша мамандар мен мемлекеттік инспекторларға сабақтар өткізілді.

Гербарийлерді жинақтап, кептіруде жіберілген кемшіліктер талданып филиалдарға хаттар жіберілді. Жылдың қорытындысымен фенологиялық бақылау жөнінде филиалдардағы орман айналымдары бекітілген 69 мемлекеттік инспекторлардан 728 кестегетолтырылған мәліметтер жиналып талдануда.
Б.ғ.к., П. Есенбекованың жетекшілігімен Түркістан,Сырдария филиалдарында омыртқасыз жануарларды зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жәндіктердің 13 отрядының 28 тұқымдасының 50 түрі анықталып, олардан 123 коллекциясы жасақталды. Мұның ішінде Қазақстанда кездеспеген Испанияда тіркелген бір қандаланың түрі анықталды.

Ғылым бөлімі жануарлар дүниесін қорғау мен өсімін молайту бөлімі мен бірлесіп жануарлардың санақ жұмыстарын жүргізіп, материалдарын өңдеуге қатысты. Бұхар бұғысын өсіп-дамуын зерттеу жөнінде 13 пунктен тұратын нұсқаулық әзірленді.

Жылдың соңында дала жұмыстары кезінде түсірілген 33 беттен, 67 фотосуреттен тұратын альбом жасалды. Мұнда парк аумағында кездесетін бағалы және эндемик, сирек сімдіктер мен әртүрлі жәндіктердің суреттері келтірілген. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша екі ғылыми мақала ғылыми жинақтарда, 5 ғылыми көпшілік мақала баспасөзде жарияланды. Екі ғылыми қызметкер Польшадағы Халықаралық деңгейде өткізілген конференцияның ғылыми жинағында жарияланған мақаласы үшін сертификаттар алды. Бір ғылыми мақала биыл өтетін ғылыми-өндірістік конференцияға дайындалып жіберілді.

Бөлімде ғылыми-техникалық кітапхана ұйымдастырылып, дирекцияның қолдауымен жаңа кітаптар алынып, қазіргі кезде кітаптардың саны 310 данаға жеткізілді.
Зертханалық жұмыстар мен фенологиялық бақылау үшін қажетті 24 бірлік құрал-саймандар, заттар алынды. Табиғи парктың паспортының жобасы ғылым бөлімінің тікелей қатысумен әзірленіп, алдын ала келісуге облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы мен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына келісуге жіберілді.

Өңірлік парктың Басқару жоспарының әзірлену барысында ғылыми бөлімнен ұсыныстар беріліп, қөрсетілген жоспарды дайындаудың аяқталып, бекітілуіне өз үлесін қосты.

 

 Жерсабын (Allochrusa gypsophiloides) Аллохруза качимовидная  Қызыл жемісті қырықбуын қылша (Ephedra equisetina) Эфедра хвощевая
Жерсабын
(Allochrusa gypsophiloides)

Аллохруза качимовидная
Қызыл жемісті қырықбуын қылша
(Ephedra equisetina)

Эфедра хвощевая 

Сиверс алмасы (Маlus siеversii) Яблоня Сиверса 
 
Қызылжеміс тікенноқат (Мeristotropis erythrocarpa) Раздельнолодочник красноплодный
 Сиверс алмасы
(Маlus siеversii)

Яблоня Сиверса
Қызылжеміс тікенноқат
(Мeristotropis erythrocarpa)

Раздельнолодочник красноплодный 

 Корольков шаяноты (Arum korolkowii) Аройник Королькова

Нағыз пісте (Pistаcia vеra) Фисташка настоящая 
 Корольков шаяноты
(Arum korolkowii)
Аройник Королькова
Нағыз пісте
(Pistаcia vеra)
Фисташка настоящая 

 Понтий доланасы (Crataegus pontica)  Боярышник понтийский

Понтий доланасы (Crataegus pontica)  Боярышник понтийский 
 Понтий доланасы
(Crataegus pontica)  
Боярышник понтийский
 Понтий доланасы 
(Crataegus pontica)  
Боярышник понтийский 
 
Мускатты шалфей (Salvia sclarea) Шалфей мускатный
 
Солтүстік түймешетен (Tanacetum boreale) Пижма северная
 Мускатты шалфей
(Salvia sclarea)
Шалфей мускатный
 Солтүстік түймешетен
(Tanacetum boreale)
Пижма северная

Есекмия (Goebelia pachycarpa)  Брунец толстоплодный

Жалбызтікен (Althaea nudiflora) Шток-роза голоцветковая
Есекмия
(Goebelia pachycarpa)  
Брунец толстоплодный
Жалбызтікен
(Althaea nudiflora)
Шток-роза голоцветковая

Түркістан доланасы (Crataegus turkestanica) Боярышник туркестанский

Мәдени жүзім  (Vitis vinifera) Виноград культурный
Түркістан доланасы
(Crataegus turkestanica)
Боярышник туркестанский
Мәдени жүзім  
(Vitis vinifera)
Виноград культурный

Қызыл жыңғыл (Tamarix ramosissima) Тамарикс ветвистый

Тораңғыл  (Populus pruinosa) Тополь сизый
Қызыл жыңғыл
(Tamarix ramosissima)
Тамарикс ветвистый
Тораңғыл  
(Populus pruinosa)
Тополь сизый


 DSCF5277DSCF5278

DSCF5279