Туризм, рекреация және экоағарту бөлімі

ДЕМАЛЫС АЙМАҚТАР ЖАБДЫҚТАЛУДА!

    Боралдай филиалы, Теректі демалыс аймағында киіз үй, тапчандар, палаткалармен жабдықталған және де табиғи экомонша, табиғи су бассейні салынып, демалушыларға көрсетілетін қызметтер жасалуда.

image01

 

image01

image01

image01

image01

Экомонша

image01

image01

Табиғи су бассейні

image01

image01

Жылжымалы қонақ үй тектес вагон – 6 адамдық орнымен

image01

image01


10 адамдық палаткалар

image01

 

image01

 

Мініс аттармен жабдықталған және олар жалға беріледі

image01

 

 

Туризм, рекреация және экоағарту бөлімі бойынша:

 

Туризм,  рекреация  және  экологиялық  ағарту  бөлімі  - туризм және рекреация саласында 7 тармақтан  тұратын, экологиялық ағарту саласында  13  тармақтан  тұратын  іс-шаралар жоспары  әзірленіп, 2013 жылдың ІІ жарты жылдығына арналған іс – жоспары бекітілген. Жоспар бойынша бүгінгі таңда туристік соқпақтарды анықтау, паспорттарын бекіту және оларды абаттандыруға ұсыныстар беру жұмыстары жүргізілуде. Өңірлік парк аумағындағы экскурсиялық –  танымдық  7 туристік маршруттың тізімі дайындалып, 4 маршруттың паспорты бекітілді, барлық паспорттар ОҚО Орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясымен келісімделіп, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне бекітуге ұсынылды.

 

  • 1-ші туристік соқпақ – Теректі ауылы маңы – Теректі шатқалы, оның ұзақтығы 10 км, бұл соқпақпен жаяу, атты, автокөлікпен жүріп өтуге болады. Киелі орын, көрікті табиғат ландшафттары, сан алуан өсімдіктер мен жануарлар әлеміне бай.

 

tour 1 1

 

  • 2-ші туристік соқпақ – Боралдай шатқалы – Тұра жартасы 3 км ұзындықты алып жатыр. Жаяу, атты, автокөлікпен жүріп өтуге болады. Үлкен Тұра тасының тамаша көрінісі, Боралдай өзенінің аңғары, сан алуан өсімдіктер мен жануарлар мекен етеді.

 

tour 2 1

 

  • 3-ші туристік соқпақ – Шұқыршақ ауылы маңы – Шұқыршақ сарқырамасы, ұзақтығы – 3 км, жаяу жүріп өтуге болады. Шұқыршақ шатқалының жабайы табиғаты, қайталанбас террассалы сарқырама көрінісін көруге болады.

 

tour 3 1

 

  • 4-ші туристік соқпақ – Қаражан сайы – Орта Сүңгі шатқалы 7,5 км ұзындықты алып жатыр. Жүріп өту түрі – жаяу, атты, автокөлікпен.

 

tour 4 1

 

  • 5-ші Аяқ Сүңгі өзені – Аяқ Сүңгі шатқалы ұзақтығы 12,5 км, жаяу, атты, автокөлікпен журіп өту. Аяқ Сүңгі өзенінің аңғары және таулы тоғайлар, сан алуан өсімдіктер мен жануарлар әлеміне бай.

 

tour 5 1

 

  • 6-ші  Қызылшаруа елді-мекені – Бұхар бұғысының тұқымбағы ұзақтығы – 8,5 км- ді алып жатыр. Жаяу, атты, автокөлікпен жүріп өтуге болады.

 

tour 6 1

 

  • 7-ші Шардара су қоймасы маңы – Байырқұм көпіріне дейін ұзақтығы – 90 км. Тек автокөлікпен жүріп өтуге болады.

 

tour 7 1

 

  • Филиалдар бойынша  келген демалушылар арасында орманды  өрттен  сақтау, ағаш- бұталарды сындырмау, аң-құстарды қорғау туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, және де осы туралы  үнпарақтар шығарылып, таратылды. 

 

Безымянный1  копияБезымянныйБезымянный  копияБезымянный1

 

  • Мектеп  орманшылығын  ұйымдастыру  бойынша филиалдарда  барлығы   Түркістан, Бәйдібек және Арыс аудандарының жалпы білім беретін 30 мектебімен келісім  шарт жасалды. Оның ішінде Боралдай  филиалында 2 мектеппен, Түркістан филиалында  7 мектеппен, Сырдария филиалында 21 мектепппен келісім шартқа отырған. Мектеп орманшылық мүшелерінің саны 632 оқушы. Мектептерде 70 лекциялар өткізіліп, 20 сенбіліктер өткізілді. Жыл басынан бері 296 оқушының қатысуымен 495 көшет отырғызылды. Қараша айында мектеп орманшылығының мүшелері мектеп ауласына күзгі дән егу жұмыстарын жүргізді.

 

DSCF4834DSCF4822

DSCF4810IMG 2089

 

  • Филиалдарда  тұрғындар арасында «Экотуризмді дамыту жөнінде» 500 дана анкета таратылып, жиналып алынды. Оның ішінде Бәйдібек ауданында 100, Түркістан қаласынан 150, Арыс ауданыннан 250 сауалнама алынды.
  • Студенттердің табиғат аясында өсімдіктер мен жануарларды зерделеу нәтижесінде өздеріне қажетті сапалы ақпараттарды алып, тәжірибиелік біліктілігін арттыру мақсатында   жоғарғы оқу орындарымен келісім – шарт жасалды.  М. Ауезов атындағы ОҚМУ –дың  «Агроөнеркәсіп»  факултетінің «Биология», «Агрономия» кафедраларымен  және де  «География», «Туризм», «Экология» кафедраларымен келісім –шарт  жасалды.  Академиялық Инновациялық Иститутының «Биология», «География», «Экология» кафедраларымен келісім-шарт жасалды.   Мирас университетінің «Биология» кафедрасымен келісім шарт жасалып, студенттеріне Қазақстанда алғаш рет ашылған өңірлік табиғи парк туралы, оның мақсаты мен жұмыстары, туристік экосоқпақтар туралы, паркта атқарылған жұмыстар туралы лекциялар өткізілді. Сонымен қатар, бұхар бұғылары туралы видеоролик көрсетіліп, дала-өндірістік практикасына шақырылды және үнпарақтар мен күнтізбелер таратылды.

 

DSCN1149

 

  • Бөлім  мамандары Арыс, Түркістан қалалары, Бәйдібек ауданының өңірлік паркпен шектес елді мекендердің жоғарғы, арнаулы орта және орта оқу орындарында қыркүйек айынан бастап бүкіл оқу жылы бойы белгіленген жоспарға Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы экологиялық ағарту сабақтарын өткізді.

 

2013-09-24 10.51.052013-09-24 11.21.28

 

  • Қазан айының 8 күні  Боралдай филиалында,  Теректі ауылынан 14 шақырым қашықтықта орналасқан 67 орам №9 айналымда, Байқалмақ қойнауында «Табиғат – тіршілік аясы» атты табиғат қорғау акциясы  өткізілді.  Іс-шараның басты мақсаты  жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, туған елге, туған жерге деген патриоттық сезімін ояту, «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағының» құрылғаннан бергі атқарылған жұмыстарының нәтижесін көрсету болды.  Іс-шара барысында, акцияның тақырыбына сәйкес қол өнер бұйымдарынан, Боралдай филиалының алқабында сирек кездесетін ағаш түрлерін көбейту, жерсіндіру мақсатында жиналған ұрықтары мен мекеменің кітапхана қорындағы кітаптардан, Бұхар бұғыларының табиғи жолмен   түскен мүйіздерінен көшпелі көрме ұйымдастырылды. Акция Үлкен тұра тауының етегіндегі Қола дәуіріндегі петреоглифтерді тамашалаудан басталды. Акция барысында:  «Бұлақтың көзін ашу» игілік ісі атқарылып «Асқар аға бұлағы» аты берілді, фенологиялық алаңның қазығы қағылып, арнайы шақырылған қонақ, Қаратау мемлекеттік қорығының аға ғылыми қызметкері б.ғ.к Г.Б. Сақауова,  ЕҚТА туралы Заңдағы өңірлік парктердің міндеттері мен мақсаттары және мемлекеттік инспекторлардың міндеттері мен құқықтары туралы семинар өтті. Мектеп оқушылары  «Табиғат суретшісі» атты сурет салу конкурсына қатысты. Акция соңында барлық қатысқан оқушыларды алғыс хаттар және түрлі сыйлықтармен марапатталды.Дүниежүзілік туризм күні қарсаңында, ішкі және халықаралық туризмді дамыту мақсатында,  мекеменің Боралдай филиалына жоспарланған 5 соқпақтың алғашқы , Байқалмақ ( кіші Оқ жетпес) пен Тұра тауының етегінде, Тұттыбұлақ қойнауы-Ырысымбет үңгірі-Қасқабастау-Мойнақ өткелі-Боралдай шатқалы экосоқпағының ашылу салтанаты болды.
  • Қазан айының 10күні бөлім мамандары Оңтүстік Қазақстан облысының Туризм басқармасының ұйымдастыруымен өткен Дүниежүзілік туризм күніне арналған «Менің туған өлкем» туристік фестиваліне,  «Экологиялық слеттерге» семинарларға қатысып сертификатпен  марапатталды.

 

tur 11tur 12

2013-10-10 13.48.31

 

  • Қазан айының 23 күні қаладағы жоғарғы оқу орындардың бірі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің агрономия, география, биология мамандығында оқитын студенттеріне өңірлік парк туралы, оның мақсаты мен жұмысы, бөлім жұмыстары, туристік экосоқпақтар туралы, саятабақта атқарылған жұмыстар туралы лекция өткізілді. Сонымен қатар, бұхар бұғылары туралы видеоролик көрсетіліп, дала-өндірістік практикасына шақырылды және үнпарақтар мен күнтізбелер таратылды.
  • Орман қоры жерлерін  ЕҚТА санатына ауыстыру туралы ҚР Үкіметінің  қаулы жобасы ҚРҚОҚ және су ресурстары  министрлігі ОАШК мен әзірленіп, мемлекеттік органдардың қарауында болуына байланысты өңірлік парк аумағын туристік рекреациялық мақсатта пайдалануға дайындық жұмыстары  жүргізілуде.
  • Өңірлік парктың жаңадан құрылуына байланысты келу орталығы (визит центр) салынбаған, алайда мекеменің Жаратылыстану Ғылыми негіздемесінде келешекте салу жоспарланған.  Қазіргі таңда келу орталығының сызба нұсқасы жасалынып, көрмеге қойылатын заттар (экспонаттар) жинақталуда. Соның ішінде: Қазақстан Республикасының қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жәндіктерден жасалған гербарийлер және стендтер, өңірлік парктың кітап қорына 310 дана кітап (оның 81 данасы жергілікті және республикалық кітапханалардан сатылып алынды, қалған 229 данасы филиалдар мен Бас мекеме қызметкерлерінің көмегімен толықтырылды),   Бұхар бұғыларының табиғи жолмен түскен мүйіздерінен жасалынған экспонаттар, мектеп оқушыларының қолдан жасалынған макеттері мен «Табиғат» тақырыбына салған  композициялары жинақталуда.

 

«Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы» КММ – ның 2013 жылға арналған медиа-жоспарының орындалу барысы

 


БАҚ
атауы

   Республикалық

       Облыстық

        Жергілікті

жоспар

орында-луы

жоспар

орында-луы

жоспар

орында-луы

Газетке мақала
жариялау
(барлығы)

 

 

48

 

 

16

 

 

92

Боралдай филиалы

2

7

4

5

6

14

Сырдария филиалы

9

10

-

-

27

54

Түркістан филиалы

-

21

5

5

13

21

Парк

7

10

6

6

3

3

 

Телеарна арқылы
көрсетілім
(барлығы)

 

 

1

 

 

1

 

 

5

Боралдай филиалы

 

 

 

 

 

 

Сырдария филиалы

 

 

 

 

1

2

Түркістан филиалы

 

 

 

 

1

3

Парк

1

1

1

1

 

 

Радио арқылы
сұхбат
(барлығы)

 

 

 

 

2

 

 

Боралдай филиалы

 

 

 

 

 

 

Сырдария филиалы

 

 

2

2

 

 

Түркістан филиалы

 

 

 

 

 

 

Парк

 

 

1