№3 «Шұқыршақ сарқырамасы» экскурсиялық-танымдық соқпағы

tour 3 1

 

Соқпақтың жіктемесі:  жаяу

 

Негізгі географиялық пунктердің атауы:
Қошқарата өзені (соқпақ басы) – координаттары (N 42°52,216; Е 070°04,692)
Шұқыршақ сарқырамасы – координаттары ( N 42°52, 633; Е 070°04,550)

 

Соқпақтың жұмыс істеу  мерзімі: сәуір-қыркүйек

 

Соқпақ арқылы экскурсия ұйымдастырушысынсыз жүріп өту мүмкіндігі: тек қана экскурсия ұйымдастырушысыныңалып жүруімен шығу.
        Есте сақтаңыз,сіз қауіптілігі жоғары таулы-құзды аумаққа барасыз. Өзіңізбен бірге не алу керек:

  • суға, тасқа төзімді аяқ киім;
  • күнге қарсы көзілдірік;
  • жеке дәрілер қорапшасы.

 

Соқпақтағы күрделі учаскелерінің қысқаша сипаттамасы:
           Қошқарата өзенінен үш рет өту кезінде қауіпсіздікті сақтау қажет, жалпы соқпақты жүріп өту барысында тастарды абайлап өту керек.

 

Ықтимал дүлей құбылыстар мен олар орын алған жағдайда топтың іс-қимылы:
          Күн күркіреп жаңбыр жауғанда жағалаудан биігірек орналасқан долана ағаштарын паналау.

 

Соқпақта жүріп-тұрудың ерекше ережелері:

  • табиғи нысандар мен аншлагтарға залал келтіруге тиым салынады;
  • соқпақты ластамаңыз, мүмкіндігінше барлық кездескен (өзіңдікі, өзгенікі болса да) қоқысты жиып кетіңіз. Бұл үшін сізге табиғат ана рахмет айтады;
  • өзенге ештеңе лақтырмаңыз. Ол жақтың да өз тіршілігі бар, олардың еркін дамуына мүмкіндік беріңіз;
  • ағаштар мен бұталарды сындырмаңыз, сізге кедері болған жағдайда да;
  • ағаштар мен тастарға жазу жазбаңыз, өзіңізден кейін ат жазып,таңба жасап, естелік қалдырудың керегі жоқ;
  • жануарлар кездессе қорқытудың қажеті жоқ. Есте сақтаңыз, сіз олардың қорғалу аймағындасыз;
  • соқпақ барысында немесе аялдау кезеңінде кездейсоқ айқайлап, ысқырып және т.б. дауыс шығарудың қажеті жоқ, себебі, тыныш болсаңыз, көп естисіз, көп көресіз;
  • сүрлеуден шетке шықпаңыз, табиғаттың тепе-теңдігін бұзасыз.
  • өсімдіктерді жұлмаңыз, оларда өссін, жетілсін. Сізден кейін келетіндер де олармен таныссын;
  • өзіңізге естелік ретінде фотосуретке  түсіріп, әрдайым алған әсеріңізді басқалармен бөлісіп жүріңіз. Бұл табиғат ананың Сізге берген ең маңызды сыйы.

 

Соқпақпен жүріп өту жоспары:

 

Соқпақ учаскелері

Ұзақтығы, км

Қозғалыс уақыты

Аялдау уақыты

Тамашалау алаңының, суретке түсіру пунктерінің №

бастап

дейін

1

Қошқарата өзені

Шұқыршақ шатқалының демалыс алаңы

0,8

30 мин

30 мин 1аялдама

Демалыс алаңында, Қошқарата өзенінің жағалауында

2

Шұқыршақ шатқалының демалыс алаңы

Шұқыршақ сарқырамасы

0,7

30 мин

 

Сарқыраманы бақылау алаңында

 

Барлығы

 

1,5

1 сағ

30 мин

 

 

 

 

Соқпақтың сызбасы, шартты белгілер:

 

tour 3 2

 

Соқпақтың қысқаша сипаттамасы. Маршрут бойындағы және тамашалау (шолу) алаңдарындағы қарап-көру объектілерінің қысқаша сипаттамасы:
Соқпақ орналасқан Шұқыршақ елді-мекеніне бара жатқан жолда Көктерек елді-мекенінің тұсында Ақмешіт үңгірі бар, ол миллиондаған жылдар бұрын тектоникалық құбылыстың әсерінен пайда болған
tour 3 3 табиғат тылсымы. Үңгірдің ұзындығы 200-255, ені 90-95, биіктігі 60-65 метрдей. Жарықтың түсіне байланысты үңгірдің іші неше түрге еніп тұрады. Іші салқын, әрі кең. Одан ары бара жолда Бәйдібек ата ауылында Балабөген өзенінің биік жағасында Бәйдібек баба мазары орналасқан. Бәйдібек баба өз заманында көшпелі елдің басын біріктіріп, елді, жерді сыртқы жау шапқыншылығынан қорғауды ұйымдастырған аса ірі тарихи тұлға. Сүйегі осы Балабөген өзенінің жағасында жерленген. Аталған тарихи орындарды аралап өткен соң соқпақтың негізгі бастау алар тұсы Шұқыршақ елді-мекеніне жетеміз.  Соқпақ аталған елді-мекеннен үш шақырымдай қашықтықтағы Қошқарата өзенінің Щұқыршақ шатқалына кіре беріс жағалауынан басталады. Жаяу экскурсия шатқалдың етегімен, Қошқарата өзенін
tour 3 4бойлай 800 метрдей жүрген соң тынығу алаңшасына жетеміз. Ол жерде жарты сағаттай айналаның табиғи сұлулығымен тамсанып, естелікке фотосуретке түсіп, тыныққан соң, Қошқарата өзенін бойлай сарқырамаға дейін тағы 700 метрдей жүреміз. Өзеннің аңғарынан қарағаш, қызыл долана, тау шиелерді және емдік қасиеті барtour 3 8 жалбыз, шөп шай, киікоты т.б. шөптерді кездестіруге болады. Ал, аң-құстардан кекілік, бүркіт, қаршыға,  бөдене, жабайы үйрек, түлкі, қасқыр, қоян, жайра және т.б. кездеседі. Әсіресе, мамыр-шілде айларында өзен аңғарының барлығы жап-жасыл болғандықтан айнала кілем тәріздес көрініске еніп, тамаша әсерге бөленесің. Қошқарата өзенінің шатқалдың ішіне қарай ағып жатқаны да ерекше жағдай. Сарқырама тастардың әр жерінен шығып жатқандықтан террассалы деуге болады. Ал, сарқырамалардың құлап жатқан жері жасанды көл секілді, үлкен аумақты алып жатыр. Көру алаңынан сөзбен айтып жеткізе алмас, айналаның көркін тамашалауға мүмкіндік бар.

 

IMG 4163IMG 4210

IMG 4165IMG 4172

IMG 4173IMG 4185