№4 «Қаражан тауы - Орта Сүңгі шатқалы» экскурсиялық-танымдық соқпағы

tour 4 1

 

Соқпақтың жіктемесі:   жаяу, атпен және автокөлікпен

 

Негізгі географиялық пунктердің атауы:
Орманшы қызметтік үйі –  координаттары (N 42°58,067;  Е 070°08,526);
Орта Сүңгі өзенінің бастауы –  координаттары (N 43°01,092;  Е 070°08,371).

 

Соқпақтың жұмыс істеу мерзімі: сәуір – қыркүйек

 

Соқпақ арқылы экскурсия ұйымдастырушысынсыз жүріп өту мүмкіндігі: тек қана экскурсия ұйымдастырушысыныңалып жүруімен шығу.
        Өзіңізбен бірге не алу керек:

  • суға, тасқа төзімді аяқ киім;
  • күнге қарсы көзілдірік;
  • жеке дәрілер қорапшасы.

 

Соқпақтағы күрделі учаскелерінің қысқаша сипаттамасы:
           Орта Сүңгі өзенінен өту кезінде қауіпсіздікті сақтау қажет, жалпы соқпақты жүріп өту барысында тастарды абайлап өту керек.

 

Ықтимал дүлей құбылыстар мен олар орын алған жағдайда топтың іс-қимылы:
          Күн күркіреп жаңбыр жауғанда ағашты паналау немесе шатыр тігіп, сонда күту.

 

Соқпақта жүріп-тұрудың ерекше ережелері:

  • табиғи нысандар мен аншлагтарға залал келтіруге тиым салынады;
  • соқпақты ластамаңыз, мүмкіндігінше барлық кездескен (өзіңдікі, өзгенікі болса да) қоқысты жиып кетіңіз. Бұл үшін сізге табиғат ана рахмет айтады;
  • өзенге ештеңе лақтырмаңыз. Ол жақтың да өз тіршілігі бар, олардың еркін дамуына мүмкіндік беріңіз;
  • ағаштар мен бұталарды сындырмаңыз, сізге кедері болған жағдайда да;
  • ағаштар мен тастарға жазу жазбаңыз, өзіңізден кейін ат жазып,таңба жасап, естелік қалдырудың керегі жоқ;
  • жануарлар кездессе қорқытудың қажеті жоқ. Есте сақтаңыз, сіз олардың қорғалу аймағындасыз;
  • соқпақ барысында немесе аялдау кезеңінде кездейсоқ айқайлап, ысқырып және т.б. дауыс шығарудың қажеті жоқ, себебі, тыныш болсаңыз, көп естисіз, көп көресіз;
  • сүрлеуден шетке шықпаңыз, табиғаттың тепе-теңдігін бұзасыз.
  • өсімдіктерді жұлмаңыз, оларда өссін, жетілсін. Сізден кейін келетіндер де олармен таныссын;
  • өзіңізге естелік ретінде фотосуретке  түсіріп, әрдайым алған әсеріңізді басқалармен бөлісіп жүріңіз. Бұл табиғат ананың Сізге берген ең маңызды сыйы.

 

Соқпақпен жүріп өту жоспары:

 


Соқпақ учаскелері

Ұзақтығы, км

Қозғалыс уақыты

Аялдау уақыты

Тамашалау алаңының, суретке түсіру пунктерінің №

бастап

дейін

1

Қаражан тауы

Демалыс алаңшасы

3,5

1,5 сағат

30 мин 1аялдама

Орта Сүңгі өзенінің жағалауы

2

Демалыс алаңшасы

Орта Сүңгі өзенінің бастауы

4

2  сағат

 

 

 

Барлығы

 

7,5

3,5 сағ

30 мин

 

 

 Соқпақтың сызбасы, шартты белгілер:

 

tour 4 2

 

15-16.Соқпақтың қысқаша сипаттамасы. Соқпақ бойындағы және тамашалау (шолу) алаңдарындағы қарап-көру объектілерінің қысқаша сипаттамасы:
          Орта Сүңгі өзенін бойлай орын тепкен Қошқарата ауылының маңында Қошқарата мешіті орналасқан. Көне көз қариялардың айтуынша Қошқарата бабамыз бүкіл түркі халқын басқарғанtour 4 3үлкен қолбасшы болған деседі. Шымкент қаласын жарып өтетін Қошқарата өзені де осы бабамыздың жүріп өткен жерлерінің бірі. Ол қазіргі Қошқарата мешіті орналасқан жерге келгенде дүние салған, содан ауылдың аты Қошқарата аталған. Орта Сүңгі өзеннінің шатқалында орналасқан Қаражан тауынан бастау алатын соқпақтың жалпы ұзындығы 7,5 шақырымды құрайды. Туристік соқпақты автокөлікпен, жаяу және атпен жүруге болады. Орта Сүңгі өзенін бойлай отырып, жануарлар мен өсімдіктердің сан алуан түрімен танысуға мүмкіндік бар. Атап айтсақ, жануарлар мен құстар әлемінен қасқыр, елік, түлкі, борсық, қаршыға, тазқара, жабайы үйрек, қара торғай, қарлығаш, бәбісек және т.б. Әсіресе, дәрілік өсімдіктерге өте бай, киікоты, түймедағы, шай шөп, қырықтамыр,қызыл долана және жалбызды көптеп кездестіругеtour 4 5 болады. Жалпы Орта Сүңгі шатқалы өзінің эндемінің көптігімен ерекшеленеді, Мақұлбексай және Қаражан тауларының ландшафтарын тамашалай отырып, 3,5 шақырым жүрген соң демалу алаңшасына жетеміз. Ол жерде жарты сағаттай тынығып, естелікке фотосуретке түскен соң, Орта Сүңгі өзенінің басталар тұсына қарай бет аламыз. Одан әрі Итемген сайына, яғни бұлақтың басталған жеріне келеміз. Ел аузындағы аңызға сүйенсек аталған сайда бір
tour 4 7 отбасы тұрған екен, сол үйдегі отанасының туған балалары бірінене соң бірі шетінеп кете беріпті. Ұрпақтан үмітін үзе бастаған ана соңғы туған баласын итке емізіпті, содан баласы тірі қалыпты деседі. Осыдан бұл сай Итемген сай аталыпты. Жалпы Орта Сүңгі өзені сай салада ағып жатқан бұлақтардан жиналып, үлкен өзенге айналады. Бұлақтың басталған жерінде тынығып, таралып жатқан сайлар мен қырқаларға көз жүгіртіп, құстардың әсем үніне құлақ түруге болады. Бұл қаланың күйбең тіршілігінен шаршаған адамға бір сәттік шаршағанын басар таптырмас орын. Әрі дәрілік шөптердің тамырынан бастау алып жатқан бұлақтың суы да емге шипа.  

 

IMG 4136IMG 4143

IMG 4135