№6 «Бұхар бұғыларының тұқымбағы» экскурсиялық-танымдық маршруты

tour 6 1

 

Маршруттың жіктемесі:жаяу

 

Негізгі географиялық пунктердің атауы:
Орманшы қызметтік үйі –  координаттары (N 42°51,886, Е 068°00,325)
Бұғыларды бақылау мұнарасы – координаттары (N 42°51,995; Е 068°00,486)

 

Маршруттың жұмыс істеу мерзімі: жыл бойы

 

Маршрут арқылы экскурсия ұйымдастырушысынсыз жүріп өту мүмкіндігі: тек қана экскурсия ұйымдастырушысыныңалып жүруімен шығу.
        Өзіңізбен бірге не алу керек:

  • күнге қарсы бас киім;
  • күнге қарсы көзілдірік;
  • жеке дәрілер қорапшасы.

 

Маршруттағы күрделі учаскелердің қысқаша сипаттамасы:
           Жалпы маршрутты жүріп өту барысында улы жәндіктерден сақ болу қажет.

 

Ықтимал дүлей құбылыстар мен олар орын алған жағдайда топтың іс-қимылы:
          Күн күркіреп жаңбыр жауғанда ағашты паналау.

 

 Маршрутта жүріп-тұрудың ерекше ережелері:

    • табиғи нысандар мен аншлагтарға залал келтіруге тиым салынады;
    • маршрутты ластамаңыз, мүмкіндігінше барлық кездескен (өзіңдікі, өзгенікі болса да) қоқысты жиып кетіңіз. Бұл үшін сізге табиғат ана рахмет айтады;
    • ағаштар мен бұталарды сындырмаңыз, сізге кедері болған жағдайда да;
    • маршрут барысында немесе аялдау кезеңінде кездейсоқ айқайлап, ысқырып және т.б. дауыс шығарудың қажеті жоқ, себебі, тыныш болсаңыз, көп естисіз, көп көресіз;
    • сүрлеуден шетке шықпаңыз, табиғаттың тепе-теңдігін бұзасыз.
    • өсімдіктерді жұлмаңыз, оларда өссін, жетілсін. Сізден кейін келетіндер де олармен таныссын;
    • өзіңізге естелік ретінде фотосуретке  түсіріп, әрдайым алған әсеріңізді басқалармен бөлісіп жүріңіз. Бұл табиғат ананың Сізге берген ең маңызды сыйы.

 

Маршуртпен жүріп өту жоспары:

 


Маршрут учаскелері

Ұзақтығы, км

Қозғалыс уақыты

Аялдау уақыты

Тамашалау алаңының, суретке түсіру пунктерінің №

бастап

дейін

1

Орманшы үйі

Үлкен қоршау қақпасы

0,4

5 мин

5 мин 1аялдама

 

2

Үлкен қоршау қақпасы

 Кіші қоршау қақпасы

0,9

20 мин

10 мин 1аялдама

 

3

Кіші қоршау қақпасы

Бұқар бұғыларын бақылау орны

0,2

5 мин

 

Бұхар бұғы-ларын бақылау орнында суретке түсу

 

Барлығы

 

1,5

30 мин

15 мин

 

 

Маршруттың сызбасы, шартты белгілер:

 

tour 6 2

 

Маршруттың қысқаша сипаттамасы. Маршрут бойындағы және тамашалау (шолу) алаңдарындағы қарап-көру объектілерінің қысқаша сипаттамасы:
Жойылып барып кайта қалпына келе бастаған Бұхар бұғылары (Бухарские олени - Cervus elaphustour 6 3 bactrianus Lyddekker) – Орталық Азияның эндемигі болып табылады. Өткен дәуірде  Амудария мен  Сырдария өзені бойындағы тоғайларда және Қызылқұмда, ал ХХ-ғасырдың бірінші жартысында Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысындағы тоғайларда мекендеген. Деректерге сүйенсек, бұғылар осы маңнан 50-шы жылдары шамасында жойылып кеткен. 1981 жылы Бұхар бұғысы Іле өзенінің сол жағалауындағы  Қарашеңгел мемлекеттік аңшылық шаруашылығына жерсіндірілді. Осыдан кейін, тоғай кермаралдарын өзінің бұрынғы өрісіне жерсіндіру мақсатында 2000 жылы Бүкіл дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) Алматы және Мәскеу қалаларындағы
tour 6 4зоология ғалымдарының ұйғарымы-мен, облыста алғаш рет Түркістан орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекет-тік мекемесінің Қызылшаруа орманшылығы Сырдария өзенінің жағасындағы Бұғы түбектің 2 гектарда «Бұхар бұғылары тұқымбағы» құрылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев киелі Түркістан қаласының 1500 жылдық мерей тойына, осы киелі Түркістан жерін, тау орман-тоғайын сұлуландырып, жануарлар әлеміне ерекше гүлдендірер сипат әсем түр-келбет беретін, «Сыр сұлуы кермаралды» бұғыларды көбейтіп, келешек ұрпаққа сақтап қалу мақсатында 8(сегіз) бас тоғай кермаралдарын сыйға тартқан болатын. Бүгінде жалпы қоршалған аумақтың ауданы
tour 6 5 323 га,  оның бір жағы темір тормен қоршалған, қалған бөлігі Сырдария өзенімен шектеседі. Бүгінгі таңда, бұғыларды ұстау өрісі кеңейіп, 65 бас бұғыға күтім жасалуда. 2011 жылы  6 бас,  2012 жылы 8 бас және 2013 жылы 11 жас төлдерге көбейді. Қазірде 29 бас бұғы вольерден табиғи еркіндікке жіберілген.

Осы сыр сұлуы Бұхар бұғысын көзбен көріп, тыныс тіршілігімен танысу үшін, алдымен Түркістан қаласында орналасқан мұсылман халқының екінші Меккесі аталған Әзірет сұлтан мешітіне зиярат жасап, бас мекемінің Түркістан филиалындағы Бұхар бұғыларына арналған экомузеймен танысамыз. Мұнда бұғыға қатысты әртүрлі экспонаттар мен олардың тыныс тіршілігінен сыр шертетін фотосуреттерді және т.б. қызықты мәліметтермен жақын танысуға аламыз. Осында алған әсерімізді шындыққа ұластыру үшін, ары қарай 32 шақырым қашықтықта жатқан tour 6 6Қызылшаруа елді-мекеніне жол тартамыз. Осы жерден арнайы автокөлікпен 10 шақырым жүріп, Бұхар бұғыларын күтіп-баптаушы орманшы үйіне жетеміз. Тынығып, тамақтанған соң, ары қарай тоғай экожүйесімен таныса отырып, бұғылардың үлкен қоршауына кіретін қақпаға дейін 400 метрдей жаяу жүреміз. Жол бойында тораңғыл, жыңғыл, қызыл мия өсімдіктерін көптеп кездестіреміз. Үлкен қоршауға кірген соң, 900 метрдей жүре отырып, кіші қоршаудың қақпасына жетеміз. Кіші қоршауға кірген соң, шамамен 200 метр қашықтықта орналасқан, бұғыларды бақылау мұнарасына жетеміз. Бұғыларды мұнарадан бақылау бұғыларға азық берген кезде, яғни таңертен және кешке жүргізіледі. Олардың азық жегенін пайдаланып, көзбен тікелей көруге және фото, видеоға түсіруге тамаша мүмкіндік бар. Қалған уақыттарда олардың осы вольерде еркін жайылып немесе күйсеп жатқанын тамашалай аламыз. Ал, еркіндікке жіберілген бұғыларды тамашалау үшін, кіші қоршаудан шығып, еркіндікте жүрген бұғыларға арналған азық салатын астау мен су ішетін орындарын азық беру кезеңінде бақылай аламыз. Тоғай ормандарының табиғатын жатсынбай бой үйретіп еркін жүрген бұғыларды бетпе бет көргендегі әсерді айтып жекізе алмайсыз.

 

DSCF2293DSCF2295

DSCF2300