Орман және өсімдіктер дүниесін қорғау мен өсімін молайту бөлімінің 2014 жылғы жұмыстары

        Орманды қорғау мен күзету – орман өрттерінің алдын алу, орман ағаштарының заңсыз кесілуіне және ҚР басқа да Орман заңдарын бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ орман аурулары мен зиянкестерінен, табиғи сипаттағы қолайсыз факторлардан қорғау болып табылады.

Өрт қауіптілігі категориясы бойынша тоғайлы алқаптар І-категорияға, ал Боралдай филиалының орман қоры жерлері ІІІ-категоррияға жатқызылған.
Өңірлік парктің 2014 жылғы 3 ақпандағы «2014 жылы орманды өрттен қорғаудың іс-шаралары туралы» №15-н санды бұйрығымен орман өрттерінің алдын алу және сапалы түрде өрт қауіпті маусымына дайындық жүргізу үшін, 2014 жылдың 1 ақпаны мен 15 наурыз аралығы өрт қауіпті маусымға дайындық кезеңі, ал 1 сәуір мен 15 қараша аралығы өрт қаупі бар маусымы болып бекітілген.



Осы бойынша өрт қаупі бар маусымына дайындық кезеңінде және өрт қауіпті маусым барысында төмендегідей іс-шаралар атқарылды:
- өрттің алдын алу мақсатында өңірлік парктің облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы және ОҚО төтенше жағдайлар департаментімен орман-тоғай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, орман өрттерін болдырмау, алдын алу және жою жөніндегі бірлескен іс-шаралар жасалды. Осының негізінде Боралдай филиалы Бәйдібек ауданы аумағындағы, Сырдария филиалы Отырар, Шардара аудандары мен Арыс қаласы аумағындағы, Түркістан филиалы Отырар ауданы және Түркістан

 

 

қаласы аумағындағы ТЖ бөлімдері, өртке қарсы қызмет бөлімдерімен бірлескен іс-шаралары жасалды;
 - филиалдардың орман қоры жерімен шектесіп жатқан 69 елді-мекен мен 56 шаруа қожалықтарымен орман өрттерінің алдын-алу, бірлесіп сөндіру жөнінде келісім-шарттар жасалды;
- орман өрт сөндіру стансаларының команда құрамы туралы бұйрықтар жасалып, осы бойынша командалар құрамына 74 адам жасақталды, команда мүшелеріне техника қауіпсіздігінен нұсқамалар берілді;
- филиалдарда мемлекеттік орман қоры жерлері мен шекаралас жатқан
 жерлерге, орманға кірер жолдарға автокөлік тұратын уақытша тұрақтар, демалатын, от жағатын, темекі шегетін орындар және су алатын орындары белгіленіп, жаңарту жұмыстары жүргізілді;
        - өңірлік паркке қарасты филиалдарда 8 өрт бекеттері ұйымдастырылып, техникалар төмендегіше бөлінген:
1. Боралдай филиалының №3 айналым, №51 орамындағы «Бүркіт» бекеті (1 дана Dongfeng өрт сөндіру автокөлігі, 1 дана ХТЗ-150 тракторы соқасымен,    1 дана УПП-3 тіркемесі және 1 дана тұрғын үй вагон);

2. Сырдария филиалының Байырқұм орманшылығы №24 айналым,      №20 орамындағы Байырқұм бекеті (1 дана ХТЗ-150 тракторы соқасымен,    2 дана УПП-3 тіркемесі және 1 дана тұрғын үй вагон);

3. Сырдария филиалының Шардара орманшылығы №35 айналым,      №340 орамындағы Шардара бекеті (1 дана МТЗ-82 тракторы соқасымен,          1 дана УПП-3 тіркемесі және 1 дана тұрғын үй вагон);
4. Сырдария филиалының Тақыркөл орманшылығы №7 айналым,         №16 орамындағы Тақыркөл бекеті (1 дана Мтз-82 тракторы соқасымен,      2 дана УПП-3 тіркемесі, 1 дана тұрғын үй вагон және 1 дана бақылау мұнарасы);
5. Сырдария филиалының Отырар орманшылығы Отырар орман бекеті   (1 дана МТЗ-82 тракторы соқасымен, 1 дана УПП-3 тіркемесі);
6. Түркістан филиалының Қызылшаруа орманшылығы №4 айналым,     №17 орамындағы Қызылшаруа бекеті (1 дана ЗИЛ-131 өрт сөндіру автокөлігі,  1 дана ХТЗ-150 тракторы соқасымен және 1 дана УПП-3 тіркемесі);
7.  Түркістан филиалының Шәуілдір орманшылығы №23 айналым,    №296 орамындағы Көксарай бекеті (1 дана ЗИЛ-131 өрт сөндіру автокөлігі,     1 дана МТЗ-82 тракторы соқасымен және  дана УПП-3 тіркемесі);

8. Түркістан филиалының Қызылшаруа орманшылығы №2 айналым,    №6 орамындағы Жалаңтөс бекеті (1 дана Арлан тракторы, 1 дана УПП-3 тіркемесі).
- шөптесін өсімдіктерді бақылаулы өртеу жұмыстарының құжаттары мен карта-сызбалары негізінде индикативтік жоспарға сай, Сырдария филиалында  60 шақырым және Түркістан филиалында 39 шақырым жерлерде жүргізу жоспарланып, бұл жұмыстар толық аяқталды;
 - орман зиянкестері мен ауруларына қарсы жер бетіндегі күрес жұмыстары өңірлік паркке қарасты филиалдардың орман қоры жерлерінде 662 га көлемге жүргізілді;
- 2014 жылы өртке қарсы жолдарды жөндеу жұмыстары 98 км көлемде орындалды;
- өртке қарсы минералды жолақтарды күтіп баптау жұмыстары жалпы 1465 км орындалды. Сонымен қатар, филиалдарда 60 км минералды жолақтар жаңадан жасалды;

- филиалдарда жоспар бойынша жаңадан 15 дана күзет бекеттері және 14 дана өрт қарауылдау мұнаралары орнатылды;

- өртке қарсы үгіт насихат жұмыстары бойынша жаңадан 81 дана аншлаг пен паннолар орнатылды және филиалдардың өз күштерімен 298 аншлаг пен паннолар жаңартылды. Сонымен қатар, 4510 дана үн-парақтар таратылды және 121 лекция мен кеңестер өткізіліп, оған 1562 тыңдаушы қатысқан. Республикалық және жергілікті баспасөздерде 112 рет мақалалар жарық көрді, 1рет облыстық радиодан және 11 рет облыстық теледидар арқылы сұхбаттар берілді;


- өрт қауіпті маусымның кезекшілік бұйрықтары шығарылып, мекеме қызметкерлері мен өрт сөндіру қызметкерлерінің кезекшілік кестесі түзілді;
- бас мекеменің 2014 жылғы 30 қаңтардағы «Мекемеге қарасты мемлекеттік инспекторлардың білімін жетілдіруге 40 сағаттық оқу-семинар сабағын және техминимумын өткізу туралы» №14-н бұйрығы мемлекеттік инспекторларға оқу-семинар сабақтары өткізіліп, біліктіліктері тексерілді;

  
- өрт қауіпті маусым қарсаңынан бастап, филиалдарда 31 адам  уақытша өртке қарсы өрт қарауылдары және 24 адам уақытша өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушілері  мен өрт сөндірушілері жұмысқа қабылданды.

 

Орманды ұлғайту мен өсіру
- 2014 жылы Сырдария   филиалының  Тақыркөл  орманшылығында  наурыз айында жоспарға сәйкес 73 гектар көлемінде ағаш отырғызу жұмыстары 7х1м нобайымен жүргізіліп, 104 244 дана қарағаш көшеттері отырғызылды. Бүгінгі таңда, көнімділігі 80-85% құрап отыр;


 

- Сырдария филиалында мәдени орман екпелердің өнімділігі төмен 72 га жерге толықтыру жұмыстары жүргізілді, жоспарға сай бұл жұмысқа   80,0 мың теңге жұмсалды;
           - өңірлік парк филиалдарында жалпы көлемі 46,5га құрайтын                   5 тұқымбақ бар. Осы орман тұқымбақтарында бүгінгі таңда 2013 жылдың күз және   2014 жылдың көктем айларында себілген көшеттерді есепке алмағанда        1395,7 мың дана ағаш-бұта көшеттері бар. Индикативтік жоспар бойынша ағымдағы жылы 1800 мың дана көшет өсіру жоспарланған. Ал, аталған күзгі, көктемгі себілген көшеттерді болжамды есепке алатын болсақ 2 050 мыңға жуық (114%)  көшет өсіру жоспарлануда;

 

 

 

- орман ағаштарының тұқымын дайындау көлемі жалпы 2014 жылға      2400 кг болса, бүгінгі таңда 590 кг қарағаш және 470 өрік тұқымдары жиналып,  сараптамадан өткізіліп, қарағаш тұқымы филиалдардың орман тұқымбақтарына  себілді. Сонымен қатар, филиалдарда наурыз айында жоспардан тыс 9545 дана тал, терек, жабайы жүзім, жиде, қарақат және сириялық роза бұталарының қаламшалары отырғызылды;
- орман екпелерінің құрамына жиде, өрік, жабайы алма, долана, кәдімгі пісте сияқты жергілікті жерге бейімделген ағаш түрлерін енгізу қолға алынуда. Жабық тамырлы көшеттермен орман екпелерін отырғызу сияқты жаңа технологияларды қолдану көзделіп отыр.

 


Көшет атауы

01.01.2014 жылғы есептегісі

01.01.2015 жылғы        есептегісі

Көшет санының өсу көрсеткіші, мың дана

ауданы, га

саны, мың дана

ауданы, га

саны, мың дана

1

Қарағаш

4,64

1327,4

8,04

1956,3

 + 629,0

2

Үйеңкі

0,63

110,9

5,80

165,3

+ 54,0

3

Шаған

0,44

32,84

1,13

84,5

+ 52

4

Жиде

0,11

3,8

1,14

94,8

+ 91,0

5

Айлант

0,30

24,6

0,6

33,5

+ 9,0

6

Фисташки

-

-

0,10

8,60

+ 8,6

7

Катальпа

0,01

0,13

0,01

0,13

-

8

Қарамала

0,30

18,57

0,58

32,50

 + 13,9

9

Акация

0,01

0,27

0,01

0,27

-

10

Терек

0,18

3,1

0,18

3,10

-

11

Өрік

-

-

0,94

63,10

+ 63,10

12

Алма

0,10

2,0

0,10

2,0

-

13

Бұталы роза

0,01

0,58

0,01

0,38

- 0,20

14

Сирия розасы

0,01

0,6

0,01

0,44

- 0,16

15

Қылқан жапырақтылар

0,74

28,8

0,75

19,6

- 9,0

 

Барлығы

7,5

1553,6

19,4

2464,5

+ 911,0

 

Орманды пайдалану


Өңірлік паркке қарасты филиалдарда  ағымдағы жылдың 8 айында жеке тұлғаларға жалпы 71 дана орман билеті берілді оның ішінде мал  жайылымы бойынша 28 дана, шөп шабу бойынша 16 дана, бал арасын орналастыру бойынша 17 дана, ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру бойынша 8 дана және мәдени-сауықтыру, рекреациялық, спорттық мақсатта 2 дана орман билеттері жазылып, бюджетке 575,417 мың теңге түсті.

 

Сүрек, ағаш қалдықтарын босату


ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2014 жылғы 15 қаңтардағы «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босатудың 2014 жылға арналған көлемдерін бекіту туралы» №10-ө санды бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»    10.07.2014 жылғы №80-Ө бұйрығының негізінде бас мекеменің 2014 жылғы 18 шілдедегі №69  санды бұйрығы шығарылған. Осы бойынша іріктеп санитарлық ағаш кесуден сүрек дайындау көлемі 300,7 га жерден 842,0 текше метр, өзге мақсаттағы ағаш кесуден сүрек дайындау көлемі 533,8 га жерден 5371 текше метр қаралған.
Бүгінгі таңда, санитарлық кесік жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

 

 

Орман және өсімдіктер дүниесін қорғау мен өсімін молайту бөлімінің 2013 жылғы атқарылған жұмыстары

       Орманды ұлғайту мен өсіру іс-шаралары бойынша, ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бекітілген индикативтик жоспарға сәйкес  «2013 жылға арналған орман қорғау мен дамыту іс-шараларының индикативтік жоспарына» сай орындалған іс шаралар төмендегі кестеде көрсетіліп отыр:


жұмыс түрі

өлшем бірлігі

жоспары

орындалғаны

Орындау көрсет
кіші, %

көлемі

сомасы, мың тг

көлемі

сомасы, мың тг

1

Таулы және тоғай ормандарында орман отырғызуға жер дайындау ағаш отырғызу

га

72

906

72

906

100

2

2014 жылға орман егуге жер дайындау

га

73

900

73

900

100

3

Орман екпелерін күтіп-баптау

га

580

861

580

861

100

4

Орман екпелерін толықтыру

га

501

701

501

701

100

5

Орман тұқымбақтарында көшет өсіру
Ағаш тұқымдарын жинау

мың түп
кг

 

1850

2400

 

7398

 

1768,1

2430

 

7398

 

96

 

Барлығы

 

 

10766

 

10766

 

      
          1. Тоғай ормандарында орман отырғызуға жер дайындау және ағаш отырғызу жұмыстары Сырдария филиалында барлығы 25704 дана қарағаш көшеттері 72 гектар жерге егілді.

 

 

          2. 2014 жылға орман егуге жер дайындау жұмыстары жобаға сәйкес Сырдария филиалында 73 гектар көлемінде қараша-желтоқсан айларында атқарылды.
          3. Орман екпелерін күтіп-баптау жұмыстары 580 гектар көлемге толық орындалды.
          4. 2012 жылы отырғызылған мәдени екпелер қараша-желтоқсан айларында Сырдария филиалының Шардара орманшылығында 201 гектар,  Тақыркөл орманшылығында 200 гектар, Отырар орманшылығында 100 гектар, барлығы 501 гектар көлемінде атқарылды.

 

 


5. Өңірлік парк бойынша 2400 кг ағаш-бұта тұқымдарын теру жоспарланса, есепті жылы 2430 кг жиналды. Ағаш-тұқым стансасынан толық сараптамадан өткізіліп, Боралдай филиалы бойынша терілген 530 кг тұқым 1,5 га жерге, оның ішінде әсіресе өңірлік саябақ аумағында алғаш рет тау пісте (фисташки) ұрығы себілді. Сырдария филиалы бойынша жиналған 1500 кг тұқым 3,97 га жерге және Түркістан филиалы бойынша терілген 400 кг тұқым 0,78 га жерге, жалпы 6,25 га жерге қараша-желтоқсан айларында себілді.

  

        
 Орман тұқымбақтарында 2013 жылы 1768,1 мың дана ағаш-бұта көшеттері өсіріліп, 2013 жылдың күз айларында мәдени орман өсімдіктерін отырғызу, 2012 жылы отырғызылған мәдени орман өсімдіктеріне толықтыру, сатылу және «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша мектептер мен мекемеге берілгеннен кейін 1553,6 мың дана әр-түрлі ағаш-бұталардың көшеттері  2014 жылдың 1 қаңтарына қалып отыр.Оның ішінде:


- қарағаш 1330,1 мың дана;
- акация 0,27 мың дана;
- арша 28,9 мың дана;
- алма 2,0 мың дана;
- қарамала 18,57 мың дана;
- терек 3,1 мың дана;
- катальпа 0,13 мың дана;
- үйеңкі 108,07 мың дана;
- шаған 32,84 мың дана;
- айлант 24,69 мың дана;
- жиде 3,8 мың дана;
- бұталы роза 0,58 мың дана;
- сирия розасы 0,6 мың дана.

      Орман өртіне және зиянкестеріне қарсы атқарылған іс-шаралар, биылғы жылы  индикативтік  жоспар  бойынша  кестеде   көрсетілгендей   жоспардағы  өртке  қарсы  барлық  іс шаралар  толығымен  орындалды.


жұмыс түрі

өлшем бірлігі

жоспары

орындалғаны

Орындау көрсеткіші, %

көлемі

сомасы, мың тг

көлемі

сомасы, мың тг

1

Өртке қарсы минералдық жолақтарды күтіп ұстау

км

1405

2930

1405

2930

100

2

Өртке қарсы жолдарды  жөндеу

км

93

2258

93

2240

100

3

Өртке қарсы уақытша күзет ұстау

адам

18

5585

18

5585

100

4

Өрт сөндіру көлігі жүргізушілерін, орман күзеті қызметкерлерін оқыту.

адам

26

494

26

441

100

5

Орман күзеті көлігін ұстау (мініс ат)

бас

39

2411

39

1150

100

6

ӨХС өртсөндіру автокөлік жүргізушісі, өртсөндіруші

адам

28

8701

28

8701

100

7

Орман аурулары мен зиянкестеріне жер бетіндегі күрес

га

386

721

386

514,4

100

8

Күзет тосқауылдарын орнату

дана

12

1070

12

749

100

9

Радио байланыс жүйесін құру

дана

44

438

44

412,4

100

                              
         

            Мекемеге қарасты филиалдардың өрт сөндіру  химиялық  бекеттерінің   құрамында  5 өрт сөндіру автокөліктері мен 2 МТЗ-82-1, 2 АРЛАН, 2 ХТЗ-150, 3 ТГ-90 тракторлары соқасымен, қарауылдау күзет жұмысына 5-дана мотоцикл мен су соратын жылжымалы мотопомпа 2-дана, кіші көлемді мотопомпа 7 дана және 5 дана орнықты радиостанция, 32 дана жылжымалы радиобайланысы  бекітілген.

Орманды жанама пайдалану бойынша,  жалпы филиалдар бойынша мал жаюға 27 дана, шөп шабу 16 дана, бал арасын орналастыруға 8 дана, ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге 12 дана және мәдени-сауықтыру мақсатында пайдалануға 5 дана орман билеттері берілген. Осы бойынша 692,1 мың теңге қаржы түсті.

Ағаш кесуден сүрек дайындау бойынша, жалпы 2013 жылға  мекемеге қарасты мемлекеттік орман қоры жерлерін іріктеп санитарлық кесу арқылы тазалау жұмыстарынан  дайындалаған  отындық  ағаш  көлемі  1333,4 га жерден 1734,0 м3 текше метрді отындық сүрек құраған.
2012 жылы орын алған орман өрттерің салдарынан 2013 жылы жаппай санитарлық кесу арқылы тазалау жұмыстарынан 127,6 га жерден 1083,2 текше метр отындық сүрек дайындалған.


Филиал атауы

2013 жылға арналған жоспар

Жыл басынан орындалғаны

Орындау көрсеткіші, %

га

текше  метр

га

текше метр

Жаппай санитарлық кесік

Боралдай

39,8

36

39,8

36

100

Сырдария

47,9

389,2

47,9

389,2

100

Түркістан

39,9

658

39,9

658

100

Барлығы

127,6

1083,2

127,6

1083,2

100

Іріктен санитарлық кесік

Сырдария

753,5

1146

753,5

1146

100

Түркістан

579,9

588

579,9

588

100

Барлығы

1333,4

1734,0

1333,4

1734,0

100

 

Жалпы жиыны

1461,0

2817,2

1461,0

2817,2

100