Cырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі

                                                  
Cырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі Оңтүстік Қазақстан облыс әкімі А.Мырзахметовтың 2012 жылғы   5  қыркүйектегі    № 264  қаулысымен,  Арыс,   Боралдай, Түркістан  орман  және  жануарлар  дүниесін  қорғау   жөніндегі мемлекеттік мекемелердің қосылу жолымен құрылған. Өңірлік парктің  жалпы жер көлемі 119 978 гектарды құрайды.   Соның ішінде: Түркістан филиалы – 36 304 га; Сырдария  филиалы – 47 419 га; Боралдай филиалы – 36 255 га;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы «Оңтүстік Қазақстан облысында жекелеген жер учаскелерін орман қоры жерлері санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстыру туралы» №247 қаулысымен «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы аумағы 119 978,418 га жер учаскесі орман қоры жерлері санатынан «ерекше қорғалатынтабиғи аумақтар жерлері» санатына ауыстырылды.
Саябақтың негізгі мақсаты – Сырдария өзені мен Арыс өзенінің екі жағалауы мен Боралдай жотасының ландшафтарын табиғи түрде сақтау, табиғи кешендер мен мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілерін, табиғаттың көрікті жерлері мен ерекше құндылығы бар өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, мәдени – тарихи ескерткіштерді экологиялық ағартушылық, ғылыми, туристік мақсатта тиімді пайдаланып сақтау болып табылады.
    Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік парк аумағында  өсімдіктердің шамамен  850  түрі кездеседі. Олардың 42 түрі Қазақстанның  Қызыл кітабына енген. Атап айтсақ: Зерившан Аршасы, семсершөп, Корольков шаяноты, Кавказ таудағаны, Грейга қызғалдағы, кәдімгі пісте, Сиверс алмасы,  Қазақстандық қоғажай т.б.
Парк аумағында сүтқоректілердің шамамен 46 түрі мекендейді,  олардың 5 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Олардың қатарына: тас сусары, Архар, Үнді жайрасы, ақ бауыр жарқанат, кеңқұлақты жарқанат.

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001

image001