ӨҢІРЛІК ПАРКТІҢ ҚОРҒАУ АЙМАҒЫ БЕЛГІЛЕНДІ!

       Парк жерінің айналасында «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының №2 тармағына сәйкес облыс әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі 82 санды "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу, қорғау аймағында табиғат пайдаланудың мөлшері, шекарасы, режим түрлері және тәртібі туралы" қаулысымен жалпы 119 978 га жер көлемінің сыртқы шекарасынан ені екі шақырымнан жалпы ауданы 263 092,5 гектарда қорғау аймағы белгіленді.

image001

       Көрсетілген қаулымен өңірлік парктің қорғау аймағында табиғат пайдаланудың режим түрлері мен тәртібі белгіленіп отыр. Бұл қаулы облыстық «Оңтүстік Қазақстан» және «Южный Казахстан» газеттерінің   2015 жылғы 16 мамырдағы беттерінде ресми түрде жарияланып, күнтізбелік 10 күннен кейін қолданысқа енгізілді.

image001

image001

image001

image001

         Өңірлік парктің қорғау аймағында оның экологиялық жүйелері мен оларда орналасқан мемлекеттік табиғи – қорық объектілерінің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез-келген мынадай қызметтерге жол берілмейді: жаңа елді мекендер құруға және бар елді мекендерді кеңейтуге; экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілерді орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгізуге; өсімдіктер мен жануарлар дүниесі үшін зәрлі улы химикаттар, тыңайтқыштар мен гербицидтер қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивті нысандарын енгізуге; атмосфераға және ашық су көздері мен рельефке ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға, пайдалы қазбалар өндіруге; радиоактивті материалдар мен өнеркәсіп қалдықтарын көмуге; өңірлік парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертетін қызметке (бөгеттер,дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектілер салуға) жабайы жануарлар мен жабайы өсімдіктердің бөтен түрлерін жерсіндіруге болмайды.
         Өңірлік парктің қорғау аймағында орман шаруашылығы қызметі, мал жайылымы мен шөп шабу, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзімді сақтау мен беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет, туристік және рекреациялық қызмет, минералды суларды, жер астының жылы суларын және климаттық ресурстарды пайдалану, кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау, орман және дала өрттерін сөндіру жөніндегі жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу, бүлінген жерлерді рекультивациялау, орман және    өзге де өсімдік қауымдастықтарын қалпына келтіру, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру сияқты әртүрлі шаруашылық қызметтерін жүргізуге болады. Сонымен қатар жер учаскелерін туристер болып тоқтайтын жерлерін жайластыру өсімдіктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлерін жасанды жолмен көбейту мақсатында тұқымбақтар салу үшін пайдалануға болады. Өңірлік парктің қызметкерлерінің тұруы үшін қызметтік үйлер (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерін беру үшін пайдалануға рұқсат берілетін болады.

         Өңірлік парктің қорғау аймағында жоғарыдағы рұқсат етілген қызмет түрлерін жүзеге асыру барысында өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын сақтау жөніндегі іс-шараларды орындау, жабайы жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарына, ерекше құнды учаскелердің, сондай-ақ мемлекеттік табиғи қорық қорының өзге объектілеріне (оның ішінде Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарларға) қол сұғылмауын қамтамасыз ету жөніндегі талаптар қойылған.