Сутуризмі

      Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі облыстық жас туристер станциясымен бірлесіп экологиялық балалар экспедициясын ұйымдастырды.  Төртінші және тоғызыншы сынып оқушыларынан құралған топ, 2015 жылдың 1  шілде жұлдызында  Байырқұм көпірінен   бастау алып, барлығы 91 шақырымды қайықпен жүзіп өтіп, 9-шілде күні Шәуілдір көпіріне  келді.

9 күндік экспедиция барысында топ теректер және тораңғыл тоғайларында палаткалық лагерьлер құрып сегіз рет аялдады.  Аялдаған аумақтарда табиғатқа қатысты нақыл сөздер мен ЕҚТА жерінде болу ережелері  көрсетілген үн-парақтарды таратып, ағаштарға ілді, санитарлық тазалау жұмыстарын жургізіп, табиғи ортаға бейімделу жолдарын үйренді.
Туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімінің қызметкерлері мұндай жүзіп өтуді демалушылармен бірге ұйымдастыруды жоспарлап алдағы кезде "Су экскурсиясы" ұсынылатын болады.

 

image001

image001

image001

image001