Конституция күні!

            Қазақстан Республикасының 30 тамыз «Конституция күні» мерекесі 2015 жылдың 28 тамыз күні мекемеде салтанатты түрде аталып өтті.

Мемлекеттік Әнұран шырқалып, мекеме басшылары құттықтау сөздер айтты.

Экологиялық ағарту маманы М.Маликованың «Заң тұрақтылығы- Қазақстан тұрақтылығы» атты тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды.

Осы жылы «Қазақ хандығына 550 жыл» толуына орай баяндама ішінде қазақ хандығы туралы да баяндалып кетті.

Орман қорғау инженері Қ.Оразымбетов «Ата Заң» туралы өлең шумақтарын оқыды.

Туризм және экскурсия бойынша маманы Ш.Бекжігітова «Конституция-Ата Заңы» атты тақырыпта өлең шумақтарын оқыды.

Мекеме қызметкерлері Төлеміс Елібек Хұдиярұлы, А.Ақбердиевалар Конституция күнімен барлық мекеме ұжымын құттықтап, сәттілік тіледі!