Боралдай тауында бұрын Қазақстанда тіркелмеген жай көзшесіз қандаланың түрі анықталды

Сырдария-Түркістан өңірлік табиғи паркінің Боралдай филиалының таулы Теректі, Айыртау шатқалдарында б.ғ .к.,П.Есенбекованың жетекшілігімен парктің кіші ғылыми қызметкері А.Жанконсованың қатысуымен 2015 жылы шілде айында жүргізілген далалық зерттеу жұмысының нәтижесінде бұрын Қазақстанда тіркелмеген жартылай қанаттылар отрядына жататын жай көзшесіз қандаланың түрі (Nasocoria ephedrea Reuter,1902) анықталды.

Бұл омыртқасыздың түрі Испания мен Солтүстік Африканың Марокко мемлекетінде таралған.

Бұл жай көзшесіз қандала шөптесін өсімдіктердің жамылғысында мекендейді. Қылша өсімдігімен қоректенеді. Жұмыртқа түрінде қыстайды.