СҰҒАНАҚТЫҚҚА ҚАРСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ІС-ШАРАЛАР

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Қаныбековтың төрағалығымен 2015 жылы 8 қазанда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу бсқармасының, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің басшылары, бөлім жетекшілерімен, филиалдардың директорларымен өткізген мәжілісте орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмысын бақылауға алып, аң аулауға қойылған шектеулерге сәйкес орманды сұғанақтықтан (браконьерлерден) қорғау жұмыстарын жандандыра отырып, жабайы аң-құстардың өсімін молайту қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді. Осыған сәйкес өңірлік табиғи паркте қосымша іс шаралар жасалып, сұғанақтыққа қарсы күрес жандандырылып, жыл басынан бері 221 рет рейдтер ұйымдастырылып, oның ішінде Бәйдібек, Отырар аудандық ІІБ-мен және Түркістан және Арыс қалалық ІІБ-мен 22 рет бірлескен рейдтер ұйымдастырылды.

Жыл басынан өңірлік парк аумағында 95 заң бұзушылықтар анықталып, оның 90 азаматқа ҚР ӘҚБтК-не хаттама толтырылды. 4 азамат қылмыстық ісі бойынша сотқа жіберілген (3 заңсыз ағаш кесу және 1 заңсыз балық аулау). 90 азаматқа 931,5 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, бір азаматқа ҚР ӘҚБтК 380 бабы бойынша ескерту берілді. Бүгінгі таңға 79 азаматтан салынған 751,1 мың теңге әкімшілік айыппұл өндірілді 80.3 %.

13 азаматқа 77,3 мың теңге келтірілген залал есептелініп, мемлекет пайдасына 3 азаматтан 60,6 мың теңгесі өндірілді 78.3 %.

Заңсыз ағаш кесудің 2 оқиғасына ОҚО Шардара аудандық сотының №1-43-15 шешімімен және ОҚО Арыс аудандық сотының №1-74 шешімімен кешірім берілді. 1 іс бойынша соттың шешімімен заңсыз ағаш кесушіні 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартуға шешім шығарылды.

Заңсыз балық аулау оқиғасы бойынша заңсыз тоқпен балық аулау фактсі Арыс қалалық ІІБ-де тергеліп, Арыс аудандық соты үкімімен 1 жыл мерзімге бас бостандығына шектеу қойылды.

Қазіргі таңда өңірлік табиғи парк аумағында аң аулауға үш жылға мораторий жариялануына байланысты және «ҚР ӘҚБтК-іне 2015 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» заңына жергілікті тұрғындар арасында және ауыл әкімшіліктері мен білім беру мекемелерінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, сұғанақтыққа қарсы жұмыстары қарқынды жүруде.

Өңірлік табиғи парк аумағында азаматтар тарапынан сұғанақтыққа жол бермеу мақсатында жергілікті газеттерге мақалалар жарияланып, телеарнадан көрсетілімдер, радиодан сұхбаттар берілуде.

Табиғи парктің аумағында аң аулауға жарияланған моратория талаптарын бұзып, заңсыз аң аулаған азаматтар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 382 бабының 3 бөлігімен жеке тұлғаларға 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал кіші кәсіпкерлік субъектілерге 100 айлық есептік көрсеткіш, орта субъектілерге 150 айлық көрсеткіш, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлдар салынады немесе екі жылға аң аулау құқығынан айыра отырып, әкімшілік құқық бұзушылықтың заттары немесе құралдары тәркіленеді.

Сол сияқты заңсыз балық аулаушыларға аталған Кодекстің 383 бабының 1,2,3 бөлігінде қаралған әкімшілік жазалар қолданылады.

Ал өңірлік парк аумағында заңсыз аң аулауды бірнеше рет жасап, заңсыз аң аулар құралдарын қолданған, елеулі көлемде табиғатқа залал келтіретін азаматтар ҚР Қылмыстық Кодексінің 337 бабының 4 бөлігімен іс қозғалып, сот шешімімен қатаң жазаға тартылады.