ЗАҢСЫЗ МАЛ ЖАЮЛАРМЕН КҮРЕС

Өңірлік табиғи паркке бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ЕҚТА туралы Заңның 47 бабының 1 тармағына сәйкес мал жаю тек шектеулі шаруашылық қызмет аймағында шектеулі түрде рұқсат етіледі.

Ол үшін мал жаюшы азаматтар мал жаю маусымына екі ай алдын өңірлік парктің басшысына мал жаюға участок сұрап малдың санын көрсетіп өтініш жазады. Тиісті құжаттар тапсырылып, облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген ставка бойынша төлемақысы бюджетке төленген малдың санына қарай , учаскенің жер көлемін есептеп орман билетін жазып береді. Ұсақ мүйізді  малдарды жаю тек арнайы қоршаған учаскелерде рұқсат етіледі.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда заңсыз мал жайған жеке тұлғаларға  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 370 бабының 4 бөлігімен 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Заңсыз жайылып жатқан малдардың иелерін анықтағанға дейін арнайы жасалған қоршауларға қамалып қойылады.

Иесі анықталға соң, «Әкімшілк құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің талаптарына сай түсініктері алынып хаттама толтырылып, айыппұл салынады.

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркке қарасты ЕҚТА жерлерінде парк  қызметкерлері заңсыз мал жаюмен күресіп келеді.