Өңірлік паркте бағалы кәдімгі пісте ағашын өсірудің озық технологиясы туралы ғылыми семинар өттті.

Семинарға  өңірлік парктің бас директорының ғылыми жөніндегі орынбасары  Баймұратов Б, ғылым, ақпарат және мониторинг,орман және өсімдіктер дүниесін қорғау мен өсімін молайту бөлімдерінің мамандары және Боралдай филиалының мамандары қатысты.

Семинарда Алматыдағы Ботаника бағының аға ғылыми қызметкері, биология ғалымдарының кандидаты Н.Е.Зверев баяндама жасап, кәдімгі пісте екпелерінің тиімділігін арттыру мақсатында кәдімгі пістені бүршігінен телудің технологиясы, оның ірі көшеттерін питомникте өсірудің озық әдістері туралы слайдтарды көрсету арқылы жан-жақты түсіндіріп берді.

Кәдімгі пісте өңірлік парктің аумағында сирек ормандар ретінде өседі,


Қазақстанның Қызыл Кітабына енген. Өте құрғақшылыққа төзімді, өзінің қуатты тамырларымен тау беткейлерін бекітіп, су қорғау мен топырақты эрозиядан қорғау функциясын атқарады. 

Бұл ағаш  «алтын ағаш» немесе «жасыл алтын» деп атайды. Оның жаңғақтары нарықта грек жаңғағы мен бадамға салыстырғанда 3-4 есе қымбатқа бағаланады.



Сондықтан өңірлік парк мамандары кәдімгі пістенің гендік қорын молайту мақсатында бағалы жеміс беретін формаларын көбейтіп сақтауды көздеп отыр.