Сұғанақтыққа қарсы шаралардың орындалу барысы

Сырдария-Түркістан филиалдарында Табиғат заңнамасын бұзушылықпен күрес жүргізу және өсімдіктер мен жануарлардың саналуандығын сақтаудың 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, өңірлік парктің күзет аймағында ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, орман мен жануарлар дүниесі туралы заңнама талаптарын сақтау, сұғанақтықтың алдын алу мақсатында ОҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жануарлар дүниесін және аңшылық шаруашылығы бөлімінің мамандарымен сұғанақтыққа қарсы күресті күшейту мақсатында кезекті бірлескен рейд жүргізілді.

Рейд барысында Сырдария филиалының Байырқұм, Тақыркөл, және Отырар орманшылықтарын, Түркістан филиалының Балтакөл және Қызылшаруа орманшылықтарының учаскелері қамтылды. Жүргізілген рейд кезінде аталған байқалғаны филиалдарда ЕҚТА аумағында жыл бойы үгіт-насихат, күзет жұмыстарының жүйелі жүргізілуінің нәтижесінде филиалдарда заңсыз аң ату, балық аулау заңсыз ағаш кесу басқа да орман заңдылықтарын бұзу туралы оқиғалары тіркелмеді.

Қазіргі таңда өңірлік парк аумағында аңдар мен құстардың негізгі түрлерінің санының өсімі байқалып отыр.