Өңірлік парк аумағында тәжірбие ретінде 10 га жерге қызылмия тұқымы себілді

Қызылмия (солодка голая) – бұршақ тұқымдасқа жататын, адам денсаулығына өте пайдалы дәрілік маңызы бар көп жылдық бағалы шөптектес өсімдік болып табылады. Бұл өсімдіктің тамыры жүрек сырқатына, асқазан мен он екі елі ішек жарасына, сондай-ақ фосфорлы дәрілерден, қорғасыннан уланғанда татырмас шипа боларлық қасиеті бар. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың өзі қызылмия тамырының мың сан дертке дауа екенін айтып, оны сақтардың алтын тамыры деп өсиет қалдырған екен.

Қызылмияның қопалары Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи парктің Сырдария филиалының Шардара, Отырар және Түркістан филиалының Қызылшаруа, Балтакөл, Шәуілдір орманшылықтарындағы шаруашылық шектеулі аймақтарында сирек түрде өседі. Бірақ Қазақстан Республикасы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 47 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес өңірлік парк аумағында дәрілік өсімдіктерді жинауға рұқсат етілмеген . Ал көрсетілген тармақтың 2 тармақшасында шектеулі дәстүрлі пайдалану алаңдарында дәрі-дәрмектік шөптер өсіру қызметіне рұқсат етілген. Бұрын орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері кезінде қазіргі өңірлік паркке өткен кейбір учаскелерде қызылмия өсімдігінің шикізаттары ішінара рұқсатпен шектеулі мөлшерде дайындалға болатын. Қызылмия өсімдігінің шикізатына сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Осы себепті бұрын қызылмияның тамырының кейбір азаматтар тарапынан заңсыз қазып алу оқиғалары да орын алды.

Осыған байланысты өңірлік парк алдында қызылмияның экологиялық жүйелерінде оның жамылғысын қалпына келтіру міндеті тұр. Соңғы алынған мәліметтер бойынша қызылмия өсімдігін өсірудің технологиясы қазіргі таңда толық зерттеліп біткен емес.Сондықтан өңірлік табиғи парк Түркістан филиалының Қызылшаруа орманшылығындағы 29 орамда тәжірибе ретінде 10га қызылмия плантациясын егуді жоспарға енгізіп, ағымдағы жылдың қараша айының соңында аталған шараны жүзеге асырды.

Қызылмия плантациясы егілетін жер 25-27 см тереңдікте айдалып, осы жылғы дайындалған. Оның 40 кг тұқымы қолмен себіліп, артынан тракторға тіркелген тырма тырмаланды.

Себу жұмыстарының барысын өңірлік табиғи парктің ғылыми қызметкері А.Жанкосова мен орман молайту инженері А.Шерияздан бақылады. Қызылмияның тұқымы арқылы себудің алғашқы тәжірибесінің нәтижесін алдағы жылы көктемде көретін боламыз.