Тәуелсіздік күні!

Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай салтанатты жиналыс 2015 жылдың желтоқсан айының 15 күні мекемеде салтанатты  түрде аталып өтті.

Мемлекеттік Әнұран шырқалып, құттықтау сөздер айтылды.

Туризм, рекреация және экоағарту бөлімінің экологиялық ағарту маманы  М.Маликованың «Тәуелсіздік мерекесі» атты тақырыбында баяндамасы тыңдалды, өлең шумақтары оқылды.

«Қазақстан Республикасының 16-желтоқсан «Тәуелсіздік күні» мерекесінің құрметіне орай,   облысымыздың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында табиғи кешендерді қорғау, күзету және дамыту жолында жемісті еңбек етіп, жеткен жетістіктеріңіз үшін»деген мәтінмен бас директордың атынан өңірлік парктің  бірнеше  қызметкерлері  алғыс хаттар мен мадақтамаларға ие болды.

Тәуелсіздік мерекесіне арнап, бейне түсірілім дайындалып, көрсетілді.

Мекеме қызметкерлері тәуелсіздік күніне орай өз құттықтауларын жеткізді.