Қазақстан Республикасының Президенті 2015 жылғы 30 қазанда «Қазақстан халқына жаһандық нақты ахуалда. Өсім, реформалар, даму» атты жолдаған жолдауындағы негізгі бағыттар

ҚР Президентінің жолдауын насихаттау мақсатында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Г.Саметова өңірлік табиғи парктің бас мекемесіне келіп, барлық қызметкерлердің қатысуымен өткен кеңесте Президент Жолдауының негізгі бағыттарымен таныстырды. Атап айтқанда Қазақстанның  дағдарысқа алдын алу стратегиясын алғаш рет қолданып отырғандығы айтылды. Олар мыналар: еліміздің әлемінің неғұрлым дамыған отыздығына енуін қамтамасыз ететін экономикалық өсім қарқынын қалпына келтіру; экономиканың, қоғам мен мемлекеттік тұрақтылығын қамтамасыз ететін реформаларды жүзеге асыру, оның ішінде 100 нақты қадам «Ұлт жоспарын» толық орындау; XXΙ ғасырда қоғамның барлық салаларын үздіксіз жаңғырту арқылы дамуды қамтамасыз ету;

Кеңес әдеттегідей Мемлекеттік Әнұранның шырқалуымен басталды.

Дағдарысқа қарсы бес бағытқа, құрылымдық кешендік жаңаруларға тоқталды:

-         қаржы секторын тұрақтандыру(теңгенің еркін бағамы, инфляция деңгейін 4 пайызға төмендету т.б. )

-         бюджет саясатын оңтайландыру(көрпеге қарай көсіл-қағидаты, бюджеттің кіріс базасын ұлғайту, 2017 жылдың 1 қаңтарынан кірістер мен шығыстарға жаппай декларациялау)

-         жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру(кең ауқымды жекешелендіру мен бәсекелестікті ұлғайту)

-         жаңа инвестициялық саясаттың негіздері(экономиканың жыл сайынғы өсімін 5 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету; өңделген тауарлардың экспортын 2015 жылғы салыстырғанда кем дегенде екі есе ұлғайтып, оны жылына 30 миллиард долларға жеткізу; 660 мыңнан астам жұмыс орындарын құру; еңбек өнімділігін екі есе арттыру)

-         жаңа әлеуметтік саясат(жалпы ештеңеге қарамастан халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру; жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды көбейту. 2017 жылдан бастап жаңа жоба- «Баршаға аралған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталды).

Дағдарыстардың бәрі өткінші өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтарды мәңгі болатындығы айтылып, қортындыланды.