Өзбекстанда өткен ғылыми-практикалық конференция

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ғылым,ақпарат және мониторинг бөлімінің меңгерушісі Төлеміс Е.Х. Өзбекстанның белгілі орманшы – ғалымы, ауыл шаруашылығы ғалымдарының докторы Г.М.Чернованың 80 жасқа толуына байланысты ағымдағы жылдың 14 қаңтарында өткен ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Галина Михайловна Чернова өзінің жартығасырлық өмірін Орталық Азияда кәдімгі пісте ағаш тұқымдасының өсіру технологиясын жетілдіруге, оның селекциясын жүргізуге арнады. Оның шығарған пайдалы шаруашылық қасиеттері жоғары, құндылығы бар кәдімгі пістенің 5 сорты Өзбекстанда өндіріске кеңінен енгізілуде. 200 ден астам оның ғылыми еңбектері отандық және шетелдік баспаларда жарияланды.

Оған 2015 жылы Халықаралық ғылым академиясы «Орман экологиясы мен ландшафтарының академигі» атағын берді.

Өңірлік парк онымен ғылыми ынтымақтастық жөнінде келісім шарт жасасып, Боралдай өңірінде өсетін Қазақстанның Қызыл кітабына енген кәдімгі пісте алқаптарын зерттеу жөнінде одан ғылыми кеңестер, ұсынымдар алуда.