Сұғанақтыққа қарсы рейдтік іс-шаралар

2016 жылдың 02-04 қаңтар күндері аралығында Сырдария филиалының Байырқұм, Тақыркөл, Отырар орманшылықтарында және Түркістан филиалының Балтакөл, Қызылшаруа, Шәуілдір орманшылықтары мен іргелес жатқан Арыс, Отырар, Түркістан аудандарының ауыл әкімшіліктерінің аумақтарында сұғанақтыққа қарсы күресті күшейту мақсатында ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарманың 30.09.2015 жылғы №06/3774 хатына сәйкес бас мекеменің және филиалдардың басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде Сырдария және Түркістан филиалының аумағында орналасқан орманшылықтарда ешқандай заң бұзушылықтар анықталмады. 

Сонымен қатар Түркістан филиалында бұхар бұғыларының қазіргі таңдағы жай-күйі және жем шөбінің уақытылы берілуінің ұйымдастырылуымен танысты.