Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі рейдтік іс-шаралар

Оңтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының төрағалығымен 2016 жылы 6 қаңтарда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу бсқармасының, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен өткізген мәжілісте берілген тапсырмаларға сәйкес орманды сұғанақтықтан (браконьерлерден) қорғау жұмыстарын жандандыра отырып, сұғанақтыққа қарсы жұмыстарды күшейту мақсатында өңірлік табиғи парк қызметкерлері 13.01.2016 жылғы №6-Ө «сұғанақтыққа қарсы күрес шараларын жүргізуге топ құру туралы» бұйрығының негізінде 15-17 қаңтар аралығында ЕҚТА-да, Сырдария филиалының Байырқұм, Отырар, Тақыркөл орманшылықтарында болып, рейдтік тексерулер жүргізді.

Рейд барысында Байырқұм орманшылығында қабандарды қосымша азықтандыру үшін жем салатын орындарда қабандардың келіп, жем шөппен азықтанып жүргендігі іздерінен байқалды.

Тақыркөл орманшылығының №6 орамында заңсыз 16 калибрлі аңшылық мылтығын алып жүрген азамат ұсталып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 382 бабының 3 тармағымен хаттама толтырылды.