Аң аулау ережелерін бұзушылар ұсталды

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-нің қызметкерлері тарапынан сұғанақтыққа қарсы күресті күшейту, алдын алу, жолын кесу болдырмай мақсатында тұрақты рейдтік іс-шаралар жүргізіліп келеді. Соның бір дәлелі 20.01.2016 жылы Түркістан филиалының Шәуілдір орманшылығының мемлекеттік инспекторлары №15 айналымында рейдтік тексеру жүргізу барысында Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінде рұқсатсыз және заңсыз мылтық асылып, аң ауламақ болып жүрген 4 (төрт) азамат ұсталды.

Қазақстан Республикасының ӘҚБТ кодексінің 382 бабы Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу бойынша хаттама толтырылып, ол азаматтарға 70 (жетпіс) АЕК мөлшерінде яғни 148 470 теңгеден әкімшілік айыппұл салынды. Тәркіленген ИЖ 12 калибрлі бір ұңғылы №09928 санды аңшы мылтығы Отырар АІІБ-не өткізілді.