1 наурыз- Алғыс айту күні

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2016 жылғы   14 қаңтардағы  № 173 санды жарлығына  1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялануына байланысты өңірлік парктің бас мекемесінде қызметкерлермен бірге Алғыс айту күні салтанатты түрде аталып өтті.

Аталған іс – шара мемлекеттік әнұранның шырқалуымен басталы.

Мекеменің бас директоры Бейбіт Мырзабайұлы «Алғыс айту» күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн екенін,  «Алғыс айту» күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейтінін айтып өтіп, барлық мекеме қызметкерлерін осы атаулы мерекесімен құттықтады.

Туризм, рекреация және экоағарту бөлімінің экологиялық ағарту маманы  М.Маликованың «Алғыс айту күні» атты тақырыбында баяндамасы тыңдалды.

Іс шара соңы өңірлік парктің бірнеше қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттаумен аяқталды.