Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған сенбілік

2016 жылдың 6 наурызында Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша сенбілік өтті. Бұл тазалық жұмыстарының өзгелерден ерекшелігі – сенблікке тек ер азаматтар қатысты. Олар көктем мерекесі қарсаңында өңірдің абаттандыру жұмыстарына қолдау көрсеткісі келген.

Облыстық сенбілікке Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ер-азаматтар қауымы да атсалысты.

Шымкент қаласындағы этносаябақта қылқанжапырақты ағаш көшеттерін отырғызып, күтіп-баптау жұмыстарын жүргізді.