Сұғанақтыққа қарсы рейдтік жұмыстар барысында аң аулау ережесін бұзушы ұсталды

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне қарасты Сырдария филиалында 14.03.2016 жылы рейдтік тексерулер барысында Тақыркөл орманшылығының №6 кварталында заңсыз аң аулау ережесін бұзған азамат Шымкент қаласының тұрғыны М.Мамедов ұсталды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 382 бабының 3 тармағы негізінде хаттама толтырылып, ол азаматтарға 70 (жетпіс) АЕК мөлшерінде, яғни 148 470 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Тексеру барысында ұсталған азаматың көлігінен 12 колибірлі №011352 мылтық және 3 дана аңшылық оқтар тіркеліп, алынды.