Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі балықшыларды, демалушыларды қабылдауға дайын

Ағымдағы жылдың 25-26 ақпан күндері Сырдария филиалының Байырқұм орманшылығы Байырқұм көпірі маңында "Балықшылар ауылын" орналастыру жұмыстары жүргізілді. Орналастыру барысында 3 дана алты адамдық жылытылған және төсек орындарымен қамтамасыз етілген жылжымалы вагон үй, 2 дана тапчандар, 4 дана шатыр, 2 дана био-әжетхана, 3 дана саябаққа арналған орындықтар, 2 дана қоқыс жәшігі орнатылды. От жағатын арнайы орындар белгіленіп, 2 дана қазан-ошақтар қойылып, отындар дайындалды.