Өңірлік табиғи паркке қарасты филиалдарда ЕҚТА жері мен арнайы жер қоры арасын ашу мақсатында шөптесін өсімдіктерді бақылаулы өртеу жұмыстары жүргізілді

2016 жылы орманды ұлғайту мен өсіру және қорғау бойынша бекітілген индикативтік жоспарға сай өрт қауіпті маусымға дайындық айлығы аясында өңірлік табиғи паркке қарасты Сырдария және Түркістан филиалдарының ЕҚТА жері мен арнайы жер қоры арасын ашу үшін шөптесін өсімдіктерді бақылаулы өртеу жұмыстары жалпы 110 шақырым жерде жүргізу жоспарланған.

Осы бекітілген жоспарға сай, ағымдағы жылдың 10-12 наурыз аралығында өңірлік табиғи паркке қарасты Түркістан филиалының Қызылшаруа, Балтакөл орманшылықтарында 50 шақырымдық аумақта шөптесін өсімдіктерді бақылаулы өртеу жұмыстары жүргізілді.

Бақылаулы өртеу жұмыстарына филиалдың 1 дана Урал-5557 өрт сөндіру автокөлігі, 1 дана ХТЗ-150 тракторы соқасымен, 1 дана МТЗ-80 тракторы УПП-3 өрт сөндіру тіркемесімен, 1 дана УАЗ автокөліктері жұмылдырылды.

Сонымен қатар, өңірлік табиғи паркке қарасты Сырдария филиалының Шардара орманшылығында 10-24 наурыз аралығында 60 шақырымдық аумақта шөптесін өсімдіктерді бақылаулы өртеу жұмыстары жүргізілді.

Бұл жұмыстарға филиалдың 1 дана ЗиЛ-131 өрт сөндіру автокөлігі, 1 дана ХТЗ-150 тракторы соқасымен, 1 дана Арлан тракторы УПП-3 өрт сөндіру тіркемесімен, 1 дана УАЗ автокөліктері жұмылдырылды.