Өңірлік табиғи паркке қарасты филиалдарда 2012-2015 жылдары отырғызылған мәдени орман екпелері қарағаш көшеттерімен толықтырылды

Ағымдағы жылдың 09-18 наурыз аралығында өңірлік табиғи паркке қарасты Сырдария филиалы Отырар орманшылығының №110 орамында 2015 жылы көктемде отырғызылған 45 га мәдени екпе алқабы 5 мың дана, осы орманшылықтың №142,144 орамдарында 2013 жылы күзде отырғызылған 72 га мәдени екпе алқаптары 2 мың дана, Отырар орманшылығының №142 орамында 2012 жылдың күз айларында отырғызылған 78,5 га мәдени екпе алқаптары 3 мың дана, сондай-ақ Шардара орманшылығының №32, 43, 44 айналымдарында 2012 жылы күзде отырғызылған 201 га мәдени екпе алқаптары 11 мың дана және Түркістан филиалы Қызылшаруа орманшылығының №6 орамында 2015 жылы күз айларында отырғызылған 30 га мәдени екпе алқаптары 7,2 мың дана, Шәуілдір орманшылығының №15 айналымында 2012 жылы күзде отырғызылған 71,5 га мәдени екпе алқаптары 4 мың дана, жалпы өңірлік табиғи парк бойынша 498 га мәдени екпе алқаптары 34,2 мың дана қарағаш көшеттерімен толықтырылды.