Өрт қауіпті маусымға дайындық айлығында атқарылған іс-шаралар

Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2016 жылғы 16 ақпандағы «2016 жылы орманды өрттен қорғау шаралары туралы» №6 санды бұйрығы негізінде өңірлік табиғи парктің ағымдағы жылы 16 ақпандағы «2016 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерін өрттен қорғаудың іс-шаралары туралы» №16-Ө санды бұйрығымен ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінде орман өрттерінің алдын алу және сапалы түрде өрт қауіпті маусымына дайындық жүргізу мақсатында 2016 жылдың 20 ақпаны мен 20 наурыз аралығы өрт қауіпті маусымға дайындық айлығы, ал 1 сәуір  мен 1 қараша айларының аралығы өрт қауіпі бар маусым болып бекітілді.

Бас мекемеде және оған қарасты филиалдарда өрт қауіпті маусымына дайындық айлығының іс-шара жоспары жасалып, осы іс-шара аясында жұмыстаратқарылуда.Боралдай филиалы Бәйдібек ауданы аумағындағы, Сырдария филиалы Отырар, Сарыағаш, Шардара аудандары мен Арыс қаласы аумағындағы, Түркістан филиалы Отырар ауданы мен Түркістан қаласы аумағындағы төтенше жағдай комиссиясының төрағалары, ТЖ бөлімдері және өртке қарсы қызмет бөлімдерімен және сондай-ақ Боралдай филиалымен шектесіп жатқан Жамбыл облысы Жуалы аудананың Қошқарата ауылы мен Сарысу ауданының Қаратау ауылы әкімдіктерімен «Орман-тоғай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, орман өрттерін болдырмау, алдын алу және жою жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары» жасалынды.