Кәдімгі пістенің гендік қорын молайту жұмыстары жүргізілуде

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің» ҒАМ бөлімінің аға ғылыми қызметкері Наров М. Боралдай филиалына б.ғ.к. Николай Евгеньевич Зверевттің Алматы қаласындағы Ботаника және фитоинтродукция институтының Ботаника бағынан алып келгенҚазақстанның Қызыл кітабына енген кәдімгі пісте ағашының сортты көшеттерін жабық тамырлы әдіспен-контейнерде өсірудің технологиясын ғылыми-тәжірибе ретінде Боралдай филиалында тұқымбаққа егу жұмыстарын жүргізді.

Арнай дайындалып әкелінген полиэтиленді контйнерге ылғалды топырақпен толтырылып кідімгі пістенің тұқымын 3 данадан егілді, контейнерге беткі жағына көң салынды.

Тұқымның контейнерде тереңдігі 3-5 см, ал контейнерлер 35 см оның ішінде 25см тереңдікте топырақ салынды. Контейнерлер топырақпен көміліп, екі жағынан арықтар қазылған.

Тұқым егілген уақытта ауа райы Т-13С0 , топырақ Т-21С0 , ал ауа райының ылғалдылығы 92% жоғары көрсеткіште болды.

Жалпы егілген контейнерлер саны 97 дана, 8 метрлік 2 қарыққа егілді. Қарықтарға және тұқымы бар контейнерлерге көң салынды.