Парктер шеруі-2016 «Құстарға қамқор болайық» атты акциясымен жалғасты

Ағымдағы жылдың 1 сәуір күні Халықаралық құстар күні мерекесіне орай «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-мен Шымкент қаласында Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта мектепте  Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының Экологиялық орталығымен бірге «Құстарға қамқор болайық» атты іс-шара өтті.

Іс – шараның басты мақсаты– оқушыларды құстарға және қоршаған ортаға қамқор бола білуге тәрбиелеу, экологиялық білімдерін қалыптастырып, тәжірибелік дағдыларын әрі қарай дамыту.

Аталған іс-шараға Бәйдібек, Ордабасы, Қазығұрт, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Төлеби, Отырар аудандары және Арыс, Түркістан, Кентау, Шымкент қалалық мектептері қатысты.

«Құстарға қамқор болайық» атты акциясы аясында бірнеше кезеңдерден тұратын  сайыс ұйымдастырылды.

1-кезең «Сәлем сөздің анасы» атты командалар презентациялық таныстырылуы болды.

 

 

 

 

 

2-кезең бойынша қатысушы командалар «Құстарға қамқор болайық үй» тапсырмасын әр команда тақырыпқа сай дайындап келген суретін қорғады. 

 

 

 

 

3- кезең бойынша «Кім жылдам?» атты сайысында әр командаға 2 сұрақтан берілді.

 

 

4-кезең: «Мекеніне орналыстыр» атты эстафеталық сайысында қатысушы команда копитандары кеспе қағаздарды алып, жасырылған тапсырманы орындады.

 

 

5-кезеңі бойынша «Өнерліге өріс кең» тапсырмасында әр команда құстарға арналған музыкалық өнерлерін көрсетті.

2016 «Құстарға қамқор болайық» атты акциясы соңында Облыстық білім басқармасы экологиялық орталығының директоры Қамытбекова Ұлжан Жайлауқызы және Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры Мошқалов Бейбіт Мырзабайұлының атынан жеңімпаз командаларды марапаттап дайындаған жетекшілеріне алғыс жарияланды.