«Парктер шеруі-2016» табиғат қорғау акциясы ашылды

Ағымдағы жылдың 31 наурыз күні Отырар ауданы, Ә.Байтанаев негізгі орта мектебінде «Парктер шеруі-2016» табиғат қорғау акциясының ашылуы өтті.

Парктер шеруінің басты мақсатыерекше қорғалатын табиғи аумақтардың проблемаларына халықтың, жұртшылықтың, мемлекеттік билік органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, кәсіпкерлердің назарын аудару және оларға нақты практикалық көмек көрсету, халықты экологиялық ағарту болып табылады.

«Парктер шеруі» – бұл экологияны қорғау акциясы. Оның тарихы 1990 жылдары АҚШ-та бастау алған. Оны 1995 жылдан Ресей, Украина, Белоруссия, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және басқа да мемлекеттерде жүйелі түрде өткізу дәстүрге айналған. Халықаралық акция адам­дарды табиғатты аялауға, оның қа­жеттілігін жете түсінуге және жұрт­ты осы бастамаға ұйыстыруды көздейді. Бұл шара облысымызда жыл сайын ұйымдастырылады. Соның аясында түрлі конференциялар, сенбіліктер, сайыстар,  мектептерде тәрбие сағаттары да өтеді.

Аталған акцияға Отырар аудандық білім беретін мекемелерінен 6 команда  қатысты:

1 команда:          Ө.Жәнібеков   ж.о.м-нің «Жас эколог» командасы

2 команда:          Ж.Жамбыл    ж.о.м.-нің  «Қыран» командасы

3 команда:          А.Дәрібаев    ж.о.м.-нің  «4 сері 1 пері» командасы

4 команда:          Ә.Байтанаев   ж.о.м.-нің  «Жасұлан» командасы

5 команда:          Т.Ибрагимов   ж.о.м.-нің  «Шуылдақтар» командасы

6 команда:          Көкмардан      ж.о.м.-нің  «Табиғат жанашырлар» командасы

Акция барысында ұйымдастырылған  сайыстарда  Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлім бастығы Насихат Нұрмаханқызы, Облыстық білім басқармасы экологиялық орталығының әдіскері Алданова Алтынкүл Нәзірқызы, Отырар аудандық білім бөлімінің әдіскері Қалманова Жанар Есіркепқызы, Отырар алқабы редакциясының бөлім меңгерушісі Додабаева Райхан Айтжанқызы, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Түркістан филиалы директоры Молдалиев Қошқарбай Сүйікдікұлы әділ-қазылар құрамында болды.

«Парктер шеруі-2016»  табиғат қорғау акциясының ашылуы Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлім меңгерушісі  Н.Джумагулова мен Отырар аудандық білім бөлімінің әдіскері Қалманова Жанар Есіркепқызының құттықтау сөздерімен басталды.

«Парктер шеруі-2016» табиғат қорғау акциясы аясында бірнеше кезеңдерден тұратын  сайыс ұйымдастырылды.

1-кезең «Сәлем сөздің анасы» атты командалар презентациялық таныстырылуы болды.

 

 

 

 

 

 

 

2-кезең бойынша қатысушы командалар Табиғат туралы өлеңдер мен шығармалар оқыды. 

 

 

 

3- кезең бойынша табиғат туралы мақал-мәтелдер сайысы болды. Бұл кезең бойынша қатысушы командалар оқылған мақал-мәтелдердің жалғасын тапты.

 

 

 

 

4-кезең: «Туған өлкемнің табиғаты» атты макеттер сайысы. Қатысушы команда алдын ала дайындаған макетін және түсіндерме қағазын қазылар алқасына беріп, жасаған макетін қорғады.

 

«Парктер шеруі-2016»  табиғат қорғау акциясының соңында Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлім меңгерушісі Н.Джумагулова қатысқан командаларды дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапаттады.

1-орынды Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебінің «Қыран» командасы

2-орынды Ә.Байтанаев негізгі орта мектебінің «Жас ұлан» командасы

3-орынды Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебінің «Шуылдақтар» командасы иеленді.

Сайыста «Жас  табиғаттанушы» номинациясымен Дәрібаев атындағы жалпы орта мектебінің «4сері, 1 пері» командасы, «Табиғат әншісі» номинациясымен «Жас эколог» командасы, «Табиғат бишісі» номинациясымен «Табиғат жанашырлары» командасы, «Табиғат жанашырлары» номинациясымен Шуылдақтар командасы, «Табиғат жазушысы» номинациясымен Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінің оқушысы Төрегелді Бағдат марапатталды.

 

Облыстық білім басқармасы экологиялық орталығының директоры Қамытбекова Ұлжан Жайлауқызының атынан командаларды дайындаған жетекшілеріне алғыс жарияланды.

 

 

Аталған акциясы ұйымдастыруға атсалысқаны үшін Отырар аудандық білім бөлімінің әдіскері Қалманова Жанар Есіркепқызы мен Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінің директоры Құлжахметова Салиха Сұлтанханқызына Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры Мошкалов Бейбіт Мырзабайұлының атынан алғыс жарияланды.