«Қызғалдақтар күні» қызғалдақтарды қорғау акциясы

Ағымдағы жылдың 16 сәуір күні Бәйдібек ауданы, Бәйдібек ата ауылы, Теректі демалыс аймағында  «Қызғалдақтар күні» қызғалдақтарды қорғау акциясы өтті.

Акцияның басты мақсатыжеткіншек ұрпақты қоршаған ортаны қорғау проблемаларына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және қызғалдақтың жабайы түрлері ретінде Қазақстан Республикасының беделін көтеру.

«Қызғалдақтар күні» қызғалдақтарды қорғау акциясына Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас мекеме қызметкерлері, Сырдария, Түркістан, Боралдай филиалының қызметкерлері, Бәйдібек ауданы тұрғындары, Ел бірлік қоғамдық қорының еріктілері, Облыстық экологиялық орталығының қызметкерлері мен тәрбиеленушілері, Бәйдібек аудандық білім мекемелері және Отырар, Айғақ, Тұран-тв арналарының тілшілері мен «Южный Казахстан» облыстық газетінің тілшілері қатысты.

 

 

«Қызғалдақтар күні» қызғалдақтарды қорғау акциясы қатысушылардың ағаш егуімен басталды.

Акцияға аясында бірнеше кезеңдерден тұратын сайыс ұйымдастырылып, аталған сайысқа Бәйдібек аудандық білім беретін мекемелері мен Облыстық экологиялық орталықтың тәрбиеленушілері қатысты:

1 команда: Л.Өтешов атындағы н.о.м-нің «Табиғат сақшылары» командасы

2 команда: Алмалы ж.о.м.-нің  «Болашақ» командасы

3 команда: Қ,Сәтбаев атындағы ж.о.м.-нің  «Лашын» командасы

4 команда:          Ақтау ж.о.м.-нің  «Жауқазын» командасы

5 команда:          Облыстық экологиялық ортылығының  «       Жас экологтар» командасы

Акция барысында ұйымдастырылған  сайыстарда  Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі, Сырдария филиалының директор орынбасары Мұсабеков Ерсінбек Адамбекұлы, Түркістан филиалы директоры Молдалиев Қощқарбай Сүйіндікұлы, Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жастар бөлімінің меңгерушісі Байзақова Фарида Сатановна, Республикалық Ел бірлік қоғамдық қорының төрайымы Абдалиева Малика қазылар құрамында болды.

 

«Парктер шеруі-2016»  табиғат қорғау акциясының ашылуы Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры Мошкалов Бейбіт Мырзабайұылының құттықтау сөздерімен басталды.

«Қызғалдақтар күні» қызғалдақтарды қорғау акциясында ұйымдастырылған сайыс кезеңдері:

1-кезең: «Сәлем сөздің анасы» атты командалар презентациялық таныстырылуы

 

 

2-кезең: Қызғалдақ туралы аңыз, шығарма немесе өлеңдер сайысы

3- кезең: ҚР аумағында кездесетін қызғалдақтың суреті (акварель, пастель)

4-кезең: «Қызғалдақтарды қорғайық » атты макеттер сайысы

5-кезең: Қызғалдақтарға байланысты әртүрлі материалдардан жасалған заттар сайысы .

«Қызғалдақтар күні» қызғалдақтарды қорғау акциясының соңында Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры Мошкалов Бейбіт Мырзабайұылының қатысқан командаларды дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапаттады.

1-орынды Облыстық экологиялық орталықтың «Жас эколог» командасы

2-орынды Л.Өтешов атындағы негізгі орта мектебінің «Табиғат сақшылары» командасы

3-орынды Алмалы жалпы орта мектебінің «Болашақ» командасы иеленді.

Сайыста «Жас  табиғаттанушы» номинациясымен Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінің «Лашын» командасы,

«Табиғат әншісі» номинациясымен Облыстық экологиялық орталықтың «Жас эколог» командасының мүшесі Нұрғалиұлы Мұхаммедәли,

«Үздік биолог» номинациясымен «Жауқазын» командасы,

«Табиғат жанашырлары» номинациясымен «Табиғат сақшылары» командасы,

«Табиғат жазушысы» номинациясымен «Табиғат сақшылары» командасы марапатталды.

«Қызғалдақтар күні» қызғалдақтарды қорғау акциясына жеңмпаз команда дайындағаны үшін команда жетекшілері мен білім мекемелерінің директорларына алғыс жарияланды.

 

Аталған акциясы ұйымдастыруға атсалысқаны үшін Облыстық экологиялық орталығының директоры Ұлжан Жайлауқызына, директор орынбасары Ұлжан Мадуаханқызына, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Мұхтар Қапанұлына, қосымша білім беру педагогы Шолпан Тулбергенқызына Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры Мошкалов Бейбіт Мырзабайұлының атынан алғыс жарияланды.