Филиал қызметкерлерінің біліктіліктері пысықталды

Өңірлік табиғи парктің 2016 жылдың 22 ақпандағы «Өңірлік табиғи парктің  мемлекеттік инспекторларының білімін жетілдіруге 40 сағаттық оқу-семинар сабағын және техминимумын өткізу туралы» №18-ө санды бұйрығы негізінде ағымдағы жылдың 13,14 және 19 сәуір күндері өңірлік табиғи паркке қарасты Боралдай, Сырдария және Түркістан филиалдары қызметкерлерінің (оның ішінде филиал директорлары, директор орынбасарлары, барлық санаттағы инженерлер және орманшылар мен орманшы көмекшілері) біліктіліктерін тексеру үшін техминимумдар өткізілді.

Техминимум барысында қызметкерлердің ЕҚТА жерлерін орман өрттерінен қорғау мен орманды молайту шаралары, табиғи кешендерді сақтау және туризм мен ғылым салалары бойынша білімдері пысықталып, хаттама үлгілерін толтырды.

Техминимум қорытындысымен қызметкерлерге білімдерін одан әрі жетілдіру, өз міндеттері мен құқықтарын толық білу, сондай-ақ жұмысқа деген ынталарын арттыру қажеттігі  жүктелді.

kks1

kks1

kks1

kks1