«Парктер шеруі-2016» табиғат қорғау акциясы аясында ұйымдастырылған «Тоғай көркі-Тораңғыл, судың көркі - Сырдария» атты сайыс

Ағымдағы жылдың 28 сәуір күні Арыс қаласы, Байырқұм көпірі, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі, Сырдария филиалына қарасты Байырқұм орманшылығы, балықшылар ауылында  «Парктер шеруі-2016» табиғат қорғау акциясы өтті.

Парктер шеруінің басты мақсатыерекше қорғалатын табиғи аумақтардың проблемаларына халықтың, жұртшылықтың, мемлекеттік билік органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, кәсіпкерлердің назарын аудару және оларға нақты практикалық көмек көрсету, халықты экологиялық ағарту болып табылады.

«Тоғай көркі-Тораңғыл, судың көркі - Сырдария» табиғат қорғау акциясына Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас мекеме қызметкерлері, Сырдария, Түркістан, Боралдай филиалының қызметкерлері, Отырар және Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Байырқұм, Жиделі, Ақққала, Аққұм елдімекендерінің тұрғындары, Ел бірлік қоғамдық қорының еріктілері, Арыс қалалық ардагерлер кеңесінің ұжымы, Байырқұм ауылдық клубының өнерпаздары, ұзақ жылдар бойына орман саласында қызмет еткен ардагерлер, Арыс қалалық және Отырар аудандық білім мекемелері және Отырар, Айғақ, арналарының тілшілері мен «Южный Казахстан» облыстық газеті мен Бизнес және Саясат республикалық-саяси мәдени-әдеби басылымының тілшілері қатысты.

Акция Байырқұм орманшылығындағы Балықшылар ауылының демалыс аймағының сатанатты түрде ашылуымен басталды.

 

Табиғат қорғау акциясы аясында өскелең жас ұрпақтың ақыл ой санасын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін және патриоттық сезімін арттыру мақсатында оқушылар арасында  «Тоғай көркі-Тораңғыл, судың көркі-Сырдария» атты сайыс өткізілді.

Сайыс Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Уразымбетов Нарзулла Садықұлы мен Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры Мошкалов Бейбіт Мырзабайұлының құттықтау сөздерімен басталды.

Акция аясында ұйымдастырылған Арыс қалалық және Отырар аудандық білім беретін мекемелері қатысты:

1 команда: Жиделі ж.о.м-нің «Сыр бойы» командасы

2 команда: Аққала ж.о.м.-нің  «Жас эколог» командасы

3 команда: С.Сейфулин атындағы ж.о.м.-нің  «Аққұм ұландары» командасы

4 команда:          М.Маметова атындағы ж.о.м.-нің  «Жасыл желек» командасы

Акция барысында ұйымдастырылған  сайыстарда  Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі, Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы Дүйсебекова Камила Бақтыбайқызы, Түркістан филиалы директоры Молдалиев Қошқарбай Сүйіндікұлы, Сырдария филиалының бас маманы Ботабаев Жаңбырбай, Республикалық Ел бірлік қоғамдық қорының төрайымы Абдалиева Малика қазылар құрамында болды.

«Тоғай көркі-Тораңғыл, судың көркі - Сырдария» табиғат қорғау акциясының кезеңдері:

1-кезең: «Сәлем сөздің анасы» атты командалар таныстырылуы

 

2-кезең: «Тоғай көркі – Тораңғыл, Судың көркі - Сырдария» атты өлеңдер мен шығармалар сайысы

 

3- кезең: Табиғат туралы мақал-мәтелдер сайысы

 

4-кезең: «Тоғай көркі – Тораңғыл, Судың көркі - Сырдария» атты макеттер сайысы

 

Әрі қарай  Арыс қалалық ардагерлер ұжымының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

«Парктер шеруі-2016» табиғат қорғау акциясының соңында Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры Мошкалов Бейбіт Мырзабайұылының қатысқан командаларды дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапаттады.

1-орынды Жиделі жалпы орта мектебінің «Сыр бойы» командасы

2-орынды Аққала жалпы орта мектебінің «Жас эколог» командасы

3-орынды С.Сейфулин атындағы  «Аққұм ұландары» командасы иеленді.

Сайыста «Жас  табиғаттанушы» номинациясымен Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінің «Лашын» командасы,

«Үздік биолог» номинациясымен «Жасыл желек» командасы,

«Табиғат жанашырлары» номинациясымен «Жасыл желек» командасы,

 

 «Табиғат бишісі» номинациясымен «Жас эколог» командасы

«Табиғат әншісі» номинациясымен Сартаева Гулназ Жолдасқызы, 

«Табиғат жазушысы» номинациясымен «Сыр бойы» командасы марапатталды.

«Тоғай көркі – Тораңғыл, Судың көркі - Сырдария» сайысына жеңімпаз команда дайындағаны үшін команда жетекшілері мен білім мекемелерінің директорларына алғыс жарияланды.

Отырар, Айғақ  арналары мен «Южный Казахстан» облыстық газеті мен Бизнес және Саясат республикалық-саяси мәдени-әдеби басылымына және ұзақ жылдар бойына орман саласында қызмет еткен ардагерлер алғыс хаттар мен сыйлықтармен марапатталды.

Аталған акцияны ұйымдастыруға атсалысқаны үшін бас мекеменің туризм және экскурсия бойынша менеджері Сейтжанов Керімхан Пердалыұлы, Сырдария филиалының директор орынбасары Мұсабеков Ерсінбек Адамбекұлы, Байырқұм орманшылығының орманшысы Мейірбеков Талғат Рысбекұлы, туризм менеджері Кожиков Бакытжан Мұстафаұлы, Түркістан филиалының директор орынбасары Айтимбетов Мұрат Сұлтанбайұлы, Шәуілдір орманшылығының орманшысы Дәуренбеков Серік Сейдаханұлы, Боралдай филиалының директоры Серікбаев Серік Көбейұлы, орман шебері Көлтаев Мұрат Әбдуәліұлына  Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры Мошкалов Бейбіт Мырзабайұлының атынан алғыс жарияланды.

Ақция соңында қатысушыларға ас берілді.