Өңірлік табиғи паркте өрт қауіпті маусымға толық дайындық жасалған

Облыс әкімі Б.Атамқұловтың жетекшілігімен және облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Бадам орман шаруашылығының аумағында «Созылмалы орман және дала өртін сөндіру тақырыбында оқу-жаттығу өткізіліп, өрт сөндірушілердің дайындығы пысықталды».

Оқу-жаттығуға Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің үш филиалынан 35 қызметкерлер мен 15 техникасы жұмылдырылып, жаттығу барысында белсенділік көрсетті.

Қазіргі таңда өңірлік парк бойынша өрт қауіпті маусымға 3 өрт сөндіру автокөлігі, 9 бірлік доңғалақты және шынжыр тракторлар, 18 тіркемелі бөшке, 49 дана аспалы өрт сөндіргіштер, 10 мотопомпа, 308 дана өрт сөндіретін шартылдықтар дайын етіп қойылған.

Өрт сөндіру командаларында өрт сөндірушілердің саны 58 адам, оның 22 адамы арнайы мамандырылған оқу орталығында оқытылған. Өңірлік парктің аумағында өрт баылауға арналған 22 мұнара орнатылған. Парктің мемлекеттік инспекторлары дер кезінде байланысқа шығу үшін 88 дана байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген.

Қазіргі таңда өңірлік парктің аумағында демалушылар мен туристер азаматтаркөп баратын учаскелерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау тақырыбында 12 дана билборд, 176 дана аншлаг және 33 дана панолар орнатылған.