Өңірлік парк аумағында «Ақжелкен» су жарысы өтті

Ағымдағы жылдың 28 шілде күні Сырдария филиалына «Ақжелкен» - «Эксарт-2016» экологиялық экспедициясының «Шымкент-Байырқұм көпірі-Шәуілдір көпірі-Шымкент» бағыты бойынша жүзіп өту жарысы өтті.

«Ақжелкен» су жарысының ашылуы Сырдария филиалы, Байырқұм орманшылығы №20 айналымда өтті. Жарысқа Облыстық жас туристер станциясының 33 тәрбиеленушілері, 10 жетекшісі, «КЛАД» қоғамдық бірлестігінің еріктілері, Арыс аудандық ІІБ-нің мамандары, Байырқұм ауылдық медицина қызметкерлері, Арыс аудандық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен Сырдария филиалының қызметкерлері қатысты.

Жарысқа қатысушыларды техника қауіпсіздігі ережелерімен, ормандардағы өрт қауіпсізідігі ережелерімен таныстырып, үнпарақтар таратылды.

«Ақжелкен» су жарысының салтанатты ашылуынан кейін «Экологиялық десант» атты сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында қатысушыларға қоқыс жинайтын қолғап пен қапшықтар таратылды.

Сенбіліктен кейін қатысушылар Сырдария өзені бойымен 10 дана үрмелі қайықпен Шәуілдір көпіріне қарай жүзіп кетті.