Ресей Федерациясында өткен халықаралық конференция

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры Мошқалов Бейбіт Мырзабайұлы Боралдай филиалының орман қорғау инженері Ш.Жолдасовпен бірге 1-8 тамыз күндері аралығында Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында өткен Орталық сібір ботаникалық бағыны 70 жылдығына арналған халықаралық конференциясына қатысты. Өңірлік парктің бас директоры Б. Мошқалов Сырдария-Түркістан мемлкеттік өңірлік табиғи паркінің 2013-2015 жылдар аларылығындағы биоалуантүрлілікті зерттеу жұмыстарының нәтижелері тақырыбында баяндама жасады.

Халықаралық конференцияның жұмысын Орталық сібір ботаникалық бағының директоры, б.ғ.д. Е.В.Банаев ашты. Конференцияның ашылуында облыстық губернаторы, Новосибирск қаласының мэрі Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесі Президиумының төрағасы, Прокуратура органдарының өкілі, Совет ауданыныңәкімшілік басшысы қатысып, Орталық сібір ботаникалық бағының 70 жылдығымен құттықтаулар жолдады. 1-4 тамыз күндері Орталық сібір ботаникалық бағында Ресейдің және басқа да елдерден ботаник ғалымдардың өсімдіктер әлемін зерттеу жөніндегі жұмыстар бойынша 35 баяндама тыңдалып, пікір алмасумен жалғасты.

Бірінші күні профессор, б.ғ.д. А.Н.Куприяновтың жетекшілігімен өткен Сібір мен Қиыр Шығыс ботаникалық бақтарының кеңесінің мәжілісінде ботаникалық бақтарда сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер түрлерін сақтаудың проблемалары талқыланды.

Сонымен қатар осы аралықта 2-3 тамыз күндері Кемерова қаласындағы ботаникалық бақта болып, профессор б.ғ.д. А.Н.Куприяновтың жетекшілігімен гербарийлерді жинау, ресімдеу, сақтау тәртібімен және ғылыми жұмыстарды, ұйымдастыру бағытымен таныстырылды, ботаникалық бағыттағы 23 дана кітаптар өңірлік парктің кітапханасына сыйға тартылды. Ресей Ғылым академиясының Орталық сібір ботаникалық бағының жұмыстары, Сібір Ботаникалық мұражайы, тропикалық өсімдіктердің оранжереясы, «Бонсай» саябағы, Ботаникалық бақтың дендрологиялық учаскесінің өсімдіктер бойынша жүргізіліп жатқан ғылыми жұмыстармен таныстырылды.

4-8 тамыз күндері көшпелі сессия өткізілді, Таулы Алтай ботаникалық бағынығ жұмысымен, Бииск, Камлак, Таулы Алтай өңірлеріндегі өсімдіктер әлемінің алуантүрлілігі, ондағы жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер туралы көптеген мәліметтер алынды.

Орталық ботаникалық бақтың директоры б.ғ.д. Е.В.Банаевпен алдағы кезде өңірлік табиғи парк арасында ғылыми ынтымақтастық орнату жөнінде келісілді.