Ағымдағы жылдың 26 қыркүйек күні ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Саметова Гүлнара Сұлтанқұлқызы, ОҚО әкімдігі аппаратының заңгерлік бөлімінің меңгерушісі Жексембаева Рабиға Мырзатайқызы және Сырдария-Т

Ағымдағы жылдың 26 қыркүйек күні ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Саметова Гүлнара Сұлтанқұлқызы, ОҚО әкімдігі аппаратының заңгерлік бөлімінің меңгерушісі Жексембаева Рабиға Мырзатайқызы және Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік таьиғи паркінің бас директоры орынбасары Аскаров Мүбашірхан Абдурашұлы, туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімінің меңгерушісі Жұмағұлова Насихат Нұрмаханқызы өңіплік парк аумағында жеке жәнек заңды тұлғаларға көрсетілетін қызмет түрлерінің тарифын қайта бекіту жұмыстары мақсатында, мекеменің Боралдай, Түркістан және Сырдария филиалдарына іс сапармен барды. Іс сапар барысында филиалдардағы демалыс орындары мен ондағы көрсетілетін қызмет түрлерімен танысты. Түркістан филиалының Қызылшаруа орманшылығында орналасқан бұхар бұғыларының тыныс тіршілігін бақылап, бұғылардың кешкі азықтану кезін тамашалады.

Бүгінгі таңда көрсетілетін қызметтер бойынша талдай жұмыстары жүргізілуде.