Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі кеңсе аумағында интродукциялық ботаникалық учаскені ұйымдастырудың жобасын әзірледі

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі кеңсе аумағында интродукциялық ботаникалық учаскені ұйымдастырудың жобасын әзірледі. Жоба үшін 0,015 га жер учаскесі бөлініп отыр. Мұнда өңірлік парктің аумағында кездесетін гүлінің әсемдігі үшін жұлынып, азайып кеткен Қазақстанның Қызыл кітабына енген және сирек кездесетін табиғаттағы популяциясына зиян келтірмей тәжірибе ретінде мына сияқты 9 түрлі өсімдіктерді өсіру қаралуда: Грейг қызғалдағы (Tulipa greigii Regel), Кауфман қызғалдағы (Tulipa kaufmanniana), Көкшіл шиқылдақ(Juno coerulea), Кессельринг лапызы (Colchicum kesselringii), Алатау бәйшешегі (Crocus alatavicus), Северцов тауалғасы (Кorolkowia sewerzowii),Колпаковский иридиктумы (Iridodictyum kolpakowskianum (Regel) Rodionenko), Северцов унгериясы (Ungernia severzovii (Regel) B. Fedtsch), Петунников бадамы (Amygdalus petunnikovii).

Бұл өсімдіктердің көпшілігі пиязшықтар мен, кейбіруі тұқымдарымен көбейеді. Ғылы, ақпарат және мониторинг бөлімі тарапынан бұл өсімдіктердің өсіп-дамуына фенологиялық бақылаулар жүргізіледі.