Сырдария-Түркістан МӨТП, Сізге 08.10.2016 жылғы Түркістан филиалы, Шәуілдір орманшылығы ЕҚТА-тар территориясында орын алған заңсыз аң-құс ату оқиғасы бойынша мәліметтерді жолдап отыр

Сырдария-Түркістан МӨТП, Сізге 08.10.2016 жылғы Түркістан филиалы, Шәуілдір орманшылығы ЕҚТА-тар территориясында орын алған заңсыз аң-құс  ату оқиғасы бойынша мәліметтерді жолдап отыр.

Түркістан филиалына қарасты Шәуілдір орманшылығы, №22 орман қарау аймағы, №60 орам, ЕҚТА-тар территориясында сағат 18.30 дар шамасында Ордабасы ауданы, Төрткөл ауылының тұрғыны Оңалбай Бейбіт Сманұлы есімді азамат рұқсатсыз аң-құс атып жүрген жерінен ұсталған. Тексеру барысында өздерімен бірге қос ұңғылы 16-калибрлі "Иж-27" маркалы №Н-14172 аңшылық мылтығы атуға дайын тұрған күйде бар екені анықталған. Заңсыз аң-құс атуға мініп келген "НИВА" автокөлігі мем.белгісі KZ 717NOA13 суретке түсірілді. Оқиға басында заңсыз аң-құс атуға шыққан азаматтың тиісті құжаттары жоқ аңшылық мылтығы және атып алған 4 дана қырғауыл құсы кесім жасалып Отырар аудандық ІІБ-не өткізу үшін тәркіленді. Заңсыз аң-құс ату оқиғасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Құқық бұзушы азамат Оңалбай Бейбіт өз түсінігінде өзіне тиесілі аңшылық мылтық пен қырғауыл атуға шыққанын мойындап түсінік берген, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қойған. Бүгінгі таңға оқиға бойынша іс-құжаттар жинақталуда.Заңсыз аң-құс ату оқиғасы бойынша тәркіленген 1 дана аңшылық мылтығы Отырар аудандық ІІБ-не кімнің есебінде тіркелгенін анықтау үшін өткізілген, 4 дана атылған қырғауыл құсы тиісті мекемеге өткізілген.

Сонымен қатар 09.10.2016 жылы сағат 09.30 минут шамасында, өңірлік парк аумағында, Түркістан филиалы, Қызылшаруа орманшылығының №28 орамы ЕҚТА жерінде, Түркістан қаласы, М. Абенов көшесі №28 үй тұрғыны, 12.03.1977 ж.т. Абсадиков Илхамжан Султанбаевич өзінің басқаруындағы ашық көк түсті "УАЗ-Хантер" маркалы, мем.белгісі KZ472MAA 13 автокөлігімен, жанында Түркістан қаласы, Сүйінбай батыр көшесі №3 үй тұрғыны 01.05.1967 ж.т. Валиев Худайберген Абдураманович екеуі жеке меншік мылтықтарымен заңсыз екі дана қырғауыл құсын атып алу кезінде ұсталған.

Оқиға орнында И. Абсадыковтен 1 дана ИЖ-58 маркалы №Х-6303 қос тегіс ұңғылы аңшылық мылтығы 12 дана оқтаулы оқ және Х. Валиевтен 1 дана ТОЗ маркалы №2736 қос тегіс ұңғылы аңшы мылтықтары, 1 дана патронаж, 2 дана мылтық қорабы (чехол), 2 дана қырғауыл құсы кесім жасалынып Түркістан қалалық ІІБ-не өткізу үшін тәркіленді.

Аталаған іс бойынша тиісті жұмыс жүргізілуде.