Таза болса табиғат – аман болар адамзат

«Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» атты табиғат қорғау аясында Бас мекемеде кеңсе айналасында, Боралдай филиалының Қосана, Қостұра, Ақбастау аумақтары мен Түркістан, Сырдария филиалдарының Сырдария, Арыс өзендерінің жағалауларында тұрмыстық қалдықтардан тазалау, арнайы орындарға жеткізу жөнінде ағымдағы жылдың 15 қазан күні табиғат қорғау шарасы өткізілді.

Табиғат қорғау шарасына парктің мемлекеттік инспекторлары мен мамандары, ұзақ мерзімге жалға алған табиғат пайдаланушылар-ЖК «Буряков», ЖК «Чхартшвили» барлығы 96 адам 3 трактор тіркемелермен қатысты. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерінде тазаланған тұрмыстық қалдықтардың көлемі 7,2 текше метр болып, оларды арнайы орындарға жеткізу жұмыстары жүргізілді.