Гүлдене бер – Тәуелсіз Қазақстан

Ағымдағы жылдың 27 қазан күні Облыстық гүлдер фестивалі Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-мен Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі ғимаратында Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының Экологиялық орталығымен бірге «Гүлдене бер – Тәуелсіз Қазақстан» атты іс-шара өтті.

Іс – шараның басты мақсаты– оқушыларды қоршаған ортаға қамқор бола білуге тәрбиелеу, Қазақстанда сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар гүлдерді қорғауға, экологиялық білімдерін қалыптастырып, тәжірибелік дағдыларын әрі қарай дамыту. Аталған іс-шараға Түлкібас, Шардара, Бәйдібек, Ордабасы, Қазығұрт, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Төлеби, Отырар аудандары және Арыс, Түркістан, Кентау, Шымкент қалалық мектептері қатысты.

Бірінші кезеңі бойынша көрмелер ұйымдастырылды.

Екінші кезең і бойынша «Гүлге ғашық жан - тәнім» атты байқау ұйымдастырылды.

Екінші кезеңі бойынша «Гүлге ғашық жан - тәнім» атты байқау ұйымдастырылды.

2016 «Гүлдене бер – Тәуелсіз Қазақстан» атты облыстық гүлдер фестивалі соңында Облыстық білім басқармасы экологиялық орталығының директоры Қамытбекова Ұлжан Жайлауқызы және Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры Мошқалов Бейбіт Мырзабайұлының атынан жеңімпаз командаларды марапаттап дайындаған жетекшілеріне алғыс жарияланды.