Өңірлік парк қызметкерлерінің білімін шыңдауға арналған семинар-кеңес

Ағымдағы жылдың 27 қаңтар күні Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы орынбасары Алпамышев Алмас Жүребекұлы, ОҚО орман және жауарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Жорабаев Қамытбек Қасымбекұлының қатысуымен, өңірлік парктің бас директоры Мошқалов Бейбіт Мырзабайұлының басқаруымен Түркістан филиалында семинар кеңес өтті.

Семинар -кеңестің тақырыбы: "Ерекше қорғалатын таиғи аумақтар жерлерінде орманды молайту мен қорғау, жануарлар дүниесін қорғау, туризм және ғылым салалары", мақсаты өңірлік паркте қызмет атқаратын мемлекеттік инспекторларының білімін шыңдау, 2017 жылы заңдарға енгізілген өзгерістермен таныстыру, кәсіби деңгейін көтеру.

Күн тәртібінде 4 мәселе бойынша баяндамалар оқылып, сұрақ-жауаптармен талқыланды. Олар:

Қ.Жорабаевтың "ЕҚТА жерлерінде өрт қауіпті маусымда атқарылатын іс-шаралар және санитарлық кесіктерді қағида талаптарына сәйкес жүргізуді ұйымдастыру";

Туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімінің меңгерушісі

Н. Жұмағұлованың: "Өңірлік парк аумағында туризмді дмыту, туристер мен демалушыларды қабылдауды ұйымдастырудың тәртіптері";

Өңірлік парктің заңгер-кеңесшісі С. Искаковтың "Әкімшілік істерді қараудың тәртіптері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау шаралары";

Өңірлік табиғи парктің ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің меңгерушісі Е. Төлемістің "ЕҚТА жерлерінде жүзеге асырылатын ғылыми жұмыстар мен аборегендік ағаш-бұта түрлерін өңірлік паркте өсірудің тиімділігі";

Өңірлік парктің Түркістан филиалының директоры Н. Берденовтың "Түркістан филиалы орманшылығының және Бұхар бұғысын өсірудің жұмыс тәжірибиесі"

Семинарға Түркістан филиалының, Сырдария филиалының және Боралдай филиалдарының директорлары мен орынбасарлары, аға орманшылары, аға орманшының көмекшілері, туризм мамандары, мемлекеттік инспекторлары, бас мекеменің бөлім меңгерушілері, "Южный Казахстан" қоғаимдық газетінің тілшісі Ю. Лунин,Отырар орманшылығының директоры Ш. Хандуллаев, барлығы 63 маман қатысты.

Кеңсетің өткізілуі барысы "Южный Казахстан" газетінің беттерінде жарияланатын болады.