М.Әуезов атындағы ОҚМУ-тің студенттерімен өңірлік парктің бас мекемесінде дөңгелек үстел өткізілді

Ағымдағы жылдың 30 қантар күні, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас мекемесіндегі конференциялық залында Оңтүстік Қазақстан облысы М. Әуезов атындағы мемлекеттік университетінің "Туризм және сервис" кафедрасының, халықаралық туризм менеджері мамандығы бойынша білім алып жүрген 2 курс студенттерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел өңірлік парктің бас мекемесіндегі конференциялық залда, "Өңірлік парк аумағындағы экологиялық туризмнің даму перспективалары" атты тақырыпта жүргізілді.

Студенттер туризмнің негізгі бір бағыты экологиялық туризмнің даму жолдары туралы пікірлерін айтып, сұрақ-жауаптармен алмасты. Бас мекемеде орналасқан келу орталығымен танысып, ондағы жан-жануарлардың тыныс-тіршілігінен мағлұматтар алды. Дөңгелек үстел соңында студенттерге парктің эмблемасы бейнеленген төс белгілер сыйға тартылды,

Дөңгелек үстел соңында студенттерге парктің эмблемасы бейнеленген төс белгілер сыйға тартылды.