Өңірлік парк 2017 жылдың 2 ақпан күні туризм саласын дамыту мақсатында Қазақ-түрік бизнес форумының көрмесіне қатысты

Шымкент қаласында 2017 жылдың 1-3 ақпан аралығында "Қазақ-Түрік бизнес форумы" өтті. "Көрме орталығында" түрлі сала бойынша көрме өтті. «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің» өкілдері көрмеге қатысты. Форум Оңтүстік Қазақстан және түрік кәсіпкерлері, мемлекеттік органдарға туризм саласы бойынша өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға ықпал етеді. Түркиядан келген кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілді.