Өңірлік табиғи паркінің бас мекемесінде Молда Мұса атындағы № 5 жалпы орта мектебінің оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді

Ағымдағы жылдың ақпан айының 10 күні Шымкент қаласындағы Молда Мұса атындағы № 5 жалпы орта мектебінің оқушыларымен Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас мекемесінде дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты жеткіншек ұрпақты қоршаған ортаны қорғау проблемаларына жауапкершілікпен қарауға, құстарға және қоршаған ортаға қамқор бола білуге тәрбиелеу және қызғалдақтың жабайы түрлері ретінде Қазақстан Республикасының беделін көтеріп, экологиялық білімдерін қалыптастырып, тәжірибелік дағдыларын әрі қарай дамыту.

Өңірлік парктің қызметкерлері оқушыларға ЕҚТА туралы, өңірлік табиғи паркте ғылым және туризм саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы, жыл сайын ұйымдастырылатын «Парктер шеруі - 2017» табиғат қорғау акциясы туралы экологиялық дәріс өткізіліп, өткізілетін акцияларға қатысуға шақырылды.

Өңірлік парктің музейімен оқушыларды таныстырып, үнпарақтар мен күнтізбелер таратылды.