Үгіт-насихат жұмыстары

"Сырдария-Түркістан МӨТП-нің Боралдай филиалының мемлекеттік инспекторлары мен қызметкерлері, ағымағы жылдың қаңтар-ақпан айларында жергілікті тұрғындар мен ұжымдар, мектеп оқушыларына жалпытөрт тақырыпты қамтитын үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

Олар:

1. "Көктемгі аңшылыққа тиым салынды"

2. "Өңірлік табиғи парк аумағында 2015-2017 жылдар аралығында аң аулаудың барлық түрлеріне 3 жылдық мораторий жарияланды"

3. "Көктемгі келген құстарды қарсы алайық"

4. "Көктем айларында елді мекендерде, мектеп аулаларына, үй төңіректеріне тал, жеміс ағаштарын егейік" атты тақырыптарда лекциялар оқылып, слайдтар көрсетілді. Лекция барысында "Орманды өрттен қорғайық", "Аң мен құс табиғат көркі", "ЕҚТА жеріне кіру ережелері", "Табиғаттың тазалығын сақтау" үн парақтар таратылып, өңірлік парк аумағына кіру құны 427 тенге екендігі түсіндірілді.

Өткізілген іс-шаралар аумақтық Алғабас газетінің №8 санды 17.02.2017 ж басылымында жарияланды.