Үгіт насихат жұмыстары жүргілуде

Ағымдағы жылдың ақпан айының 21-23 күндері өңірлік парктің қызметкерлері Сырдария және Түркістан филиалдарына мектеп орманшылығы мүшелеріне экологиялық дәріс оқуға іссапарға барды. Бұл үгіт насихат жұмыстардың басты мақсаты жеткіншек ұрпақты қоршаған ортаны қорғау проблемаларына жауапкершілікпен қарауға, құстарға және қоршаған ортаға қамқор бола білуге тәрбиелеу және қызғалдақтың жабайы түрлері ретінде Қазақстан Республикасының беделін көтеріп, экологиялық білімдерін қалыптастырып, тәжірибелік дағдыларын әрі қарай дамыту.

Арыс қалалық және оған қарасты Байырқұм, Жиделі, Аққала ауылдарындағы және Отырар ауданына қарасты Аққұм, Шәуілдір, Қоғам, Көкмардан, Сарыкөл, Көксарай ауылдарындағы жалпы білім беретін мекемелерге ЕҚТА туралы, өңірлік табиғи паркте ғылым және туризм саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы, жыл сайын ұйымдастырылатын «Парктер шеруі - 2017» табиғат қорғау акциясы туралы экологиялық дәрістер өткізіліп, аталған акция аясында ұйымдастырылатын «Табиғатты қорғау – ортақ іс» атты өңірлік парктің көрікті жерлеріне саяхатқа шақырылды.

«Парктер шеруі - 2017» табиғат қорғау акциясының бекітілген жоспарына сәйкес Аққұм, Аққала, Жиделі, Байырқұм елдімекендердегі жергілікті тұрғындармен ЕҚТА туралы пікір қалыптастыру, 2015-2017 жылға дейін аң-құстарымызды сұғанақтықтан сақтап, қорғау мақсатында үш жылға дейін мораторий жарияланғаны туралы үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, үнпарақтар таратылды.